Химия пәнінен Қ. Сәтпаев атындағы ІV республикалық олимпиада

Қ.Сәтбаев атындағы химиядан республикалық олимпиаданың өткізілуі туралы ақпарат

 

Пандемияға байланысты ағымдағы оқу жылында Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен IV республикалық олимпиада (бұдан әрі – олимпиада) онлайн режимінде өткізіледі.

Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Олимпиада бір күнде 2020 жылдың 3 қарашасында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, техникалық (сынақ) туры 2 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

httrs: //onlin-test.kaznu.kz/ сайтында өткізіледі. Олимпиадаға қатысушыларға 28 қазанға дейін тіркелуі керек.

Олимпиадаға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөлімдері, АБ НЗМ, РФМС НАО, Республикалық білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушылары арасынан 3 оқушы, жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыса алады.

Олимпиаданы өткізу туралы қосымша ақпарат және оны өткізу жөніндегі нұсқаулық «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Олимпиада ережелері тиісті файлға тіркеледі.

Date

Қар 03 2020
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ