ЭКОЛОГИЯДАН «BAYTAQ EL» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

2020 жылғы 22 желтоқсанда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған
экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы (бұдан
әрі – Олимпиада) өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық
сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы
түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық
жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Қазіргі заманғы экология іргелі білімнің (жалпы экология,
геоэкология, адам экологиясы, жаһандық экология және т.б.), сондай-ақ
қолданбалы (табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, медициналық
экология, өнеркәсіптік экология және т. б.) әртүрлі салаларын қамтиды.
Экологияның негіздерін зерттеу қазіргі заманғы әрбір адам үшін өмір
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның сапасын жақсартудың қажетті
шарты болып табылады.
Тапсырмалар бір дұрыс жауап нұсқасымен тест сұрақтары түрінде
ұсынылды.
Сұрақтар саны – 30 Барлық тапсырмалар бойынша максималды ұпай –
60 ұпай. Тапсырмаларды орындау уақыты екі астрономиялық сағаттан
аспайды.
Олимпиадаға ерікті түрде республиканың барлық өңірлерінен 17 574
астам оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылардың жалпы санының
45% – ы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды және I, II, III дәрежелі
«Дарын» РҒПО дипломдарымен марапатталады.
Дипломдар www.daryn.kz сайтында 12 қаңтарға дейін жүктеуге
жарияланады. Дипломды жүктеу тегін.
Олимпиада нәтижелері, қатысушылар тізімі қоса беріледі.