«ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсы

2020-2021 оқу жылына арналған экологиялық білім бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) қашықтықтан 7-12 сынып оқушылары арасында «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

     Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеттерін насихаттау, табиғатқа қатысты белсенді адамгершілік позициясын қалыптастыру, яғни мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

      Конкурс екі бағыт бойынша өткізіледі:

1-бағыт: ең үздік натуралистік фоторепортаж (7-8 сыныптар). Халықтың назарын табиғатты құрметтеуге, қоршаған әлемді және өсімдіктер мен жануарларды танып білуге аударуға бағытталған тақырыптарда фотосерия.

2-бағыт: ең үздік экологиялық бейнебаян (9-12 сыныптар). Экология тақырыбына арналған, өз аймағының, туған жерінің қоршаған орта проблемалары туралы қысқаша бейнефильм.

     Конкурсты  ұйымдастыру және өткізу ережелері “Дарын” РҒПО сайтында орналастырылған (www.daryn.kz).

       Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

 1) бірінші (аймақтық) кезең – 2 қарашадан 14 қарашаға дейін;

 2) екінші (іріктеу республикалық) кезең – 2020 жылдың 16 қарашадан 27 қарашаға дейін.

      Конкурстың женімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.Конкурстың қорытындысы бойынша женімпаздардың нәтижелері мен жұмыстары «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.

    Оқушылардың жұмыстарын (түпнұсқаны сканерлеу немесе суретке түсіру жолымен немесе jpg немесе png форматындағы компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар түріндегі) облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі республикалық білім беру ұйымдары мен өнірлік ғылыми-практикалық орталықтары, ДБҰ басшыларының қолы қойылған ілеспе хатпен» ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін Дарын РҒПО-ға рroject@daryn.kz электрондық почтаға жіберу қажет.

     Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:+7(7172) 29-51-59.

Date

Қар 02 - 27 2020
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімі
Phone
8-7172-29-51-59