МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІНЕ 400 ОҚУШЫ ҚАТЫСУДА

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІН өткізуде.

Фестивальға FLL Explore (6-10 жас аралығында), FLL Challenge (10-16 жас аралығында) және FTC санаттарында (12-18 жас аралығында) робототехникамен айналысатын 400-ден астам оқушылар қатысуда.

Фестивальдің негізгі мақсаты – «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.

🧩Роботтар фестивалі екі күнге созылады.