2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының “Зерде”республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу “Зерде” конкурсының ғылыми жобаларына антиаплагиат бағдарламасының көмегімен тексеру жүргізу

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық «Зерде» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурсты қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.

Конкурс 3 кезең бойынша өткізіледі:

1) бірінші кезең (мектепішілік) – білім беру ұйымдарында өткізіледі;

2) екінші кезең (облыстық, іріктеу) – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары а.ж. 12 қаңтарына дейін өткізу қажет;

3) үшінші қорытынды кезең (республикалық)2021 жылғы 26-29 қаңтарда өткізіледі.

Конкурс қатысушылары 9 секция бойынша ZOOM платформасында өз жұмыстарын қорғайтын болады:

  • 1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
  • 3 секция – математика, информатика;
  • 4 секция – физика, техника;
  • 5 секция – медицина, психология;
  • 6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
  • 7 секция – химия, биология;
  • 8 секция – экология, валеология;
  • 9 секция – робототехника.

Конкурстың қатысушылары 2-7 сынып оқушылары болып табылады.

Қатысушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарының электрондық нұсқасын, сонымен қатар, Конкурстың бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары бойынша хаттамалары мен есептерін z.amanova@mail.ru және үшінші кезеңге қатысу туралы сұраныс хатты (конкурстың қорытынды кезеңіне әрбір секция бойынша 1 ғылыми-зерттеу жобасымен жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ-1-4 сыныптар, ересек жастағы топ – 5-7 сынып) іріктеу кезінің 1 орын алған жеңімпаздары болуы тиіс) 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің info@daryn.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Конкурстың ережесі, хаттама, есеп пен өтінім беру нысандары www.daryn.kz сайтында (1,2 қосымша) орналасқан.

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Қаң 01 - 31 2022

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімі
Phone
8-7172-57-01-60