2-4 сынып оқушыларына арналған XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында  2-4 сынып оқушыларының арасында XІV республикалық «Бастау» математикалық турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир онлайн режимде өтеді.

Турнирдің негізгі мақсаты бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады.

Турнир екі кезең бойынша өтеді:

  1. Облыстық (іріктеу) кезеңі;
  2. Республикалық (қорытынды) кезеңі.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.

Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 тур – «Асық» (командалық сынақ);

3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.

№ команда Аты-жөні Сыныбы Оқу тілі Мектебі, елді мекені Облысы Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы

Турнир өткізу туралы Ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Тізім

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларының арасында XІV республикалық математикалық «Бастау» турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн режимде өтеді.

Турнир екі кезең бойынша өтеді:

  1. Облыстық (іріктеу) кезеңі;
  2. Республикалық (қорытынды) кезеңі.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.

Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 тур – «Асық» (командалық сынақ);

3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.

 

№ команда Аты-жөні Сыныбы Оқу тілі Мектебі, елді мекені Облысы Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы
             

Date

Мау 19 2021
Expired!

Labels

Оқушылар қорытындысы 2020

Organizer

Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімі
Phone
8-7172-29-51-59