10 сынып оқушылары арасында “Әл-Фараби” Халықаралық қашықтық олимпиадасы

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат

Ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы жылдың 30 қазанында сағат 14.00 өткізіледі.

Олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері  – дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, оқу пәндеріне қызығушылықты дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың мәдени диапозын кеңейту, сабақтан тыс жұмыстарды жандандыру, қатысушыларға өз білімдері мен мен дағдыларын балама бағалауға мүмкіндіктер беру.

Олимпиадаға математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдердің барлық білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

Олимпиада онлайн режимінде www.daryn.kz сайтында өткізіледі. Олимпиадаға қатысу  үшін www.daryn.kz сайтына тіркелу қажет. Олимпиадаға қатысу сілтемесі 30 қазан күні  www.daryn.kz сайтында  жарияланатын болады.

Олимпиада бойынша ережелер қосымшада берілген.