«Bebras» информатика бойынша халықаралық ойын-сайыс

«Bebras» халықаралық ойын-конкурсын өткізу туралы ақпарат

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 24-27 желтоқсан аралығында информатика және ақпараттық технологиялар бойынша «Bebras» халықаралық ойын – конкурсының (бұдан әрі – «Bebras» конкурсы) онлайн форматта өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың  оқу процесінде ақпараттық технологияларды, шығармашылық әлеуетін, олардың ақпараттық мәдениетін, оның ішінде алгоритмдік және логикалық ойлау қабілетін қарқынды дамыту болып табылады.

«Bebras» конкурсына Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары қатыса алады. «Bebras» – бұл интернет арқылы онлайн режимінде өткізілетін компьютерлендірілген конкурс. Конкурсқа тіркелу және қатысу үшін games.daryn.kz сайтына өту керек.

«Bebras» конкурсына қатысу үшін games.daryn.kz сайтына өту қажет. Жеке кабинетте тіркелу үшін сілтемелер 24 желтоқсаннан бастап қол жетімді болады. Әр қатысушының электрондық поштасы болуы керек. Сауалнаманы алдын ала толтыру мүмкін емес. Қатысушылар қорытынды балдарды және берілетін орындарды конкурс аяқталғаннан кейін ғана біле алады. Конкурсқа қатысу туралы толығырақ ақпарат games.daryn.kz. сайтында болады. 

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Ақп 01 - 28 2022

Labels

События Школьникам КАЗ