“ПедСтарт” республикалық қашықтық олимпиадасы

Құрметті “ПЕДСТАРТ” республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушылары! 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика және мектепке дейінгі оқыту пәндері бойынша “ПедСтарт” республикалық қашықтық олимпиадасы аяқталды.

Олимпиада жеңімпаздары:
Олимпиада жеңімпаздары максималды 25 балл, бірақ 23 баллдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар болып саналады (25-23 балл, І дәрежелі дипломдар);
Олимпиада жүлдегерлері:
1) 22 балл, бірақ 20 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (22-20 балл, ІІ дәрежелі дипломдар);
2) 19 балл, бірақ 16 балдан кем емес ұпай жинаған қатысушылар (19-16 балл, ІІІ дәрежелі дипломдар).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

Сертификаттар мен дипломдар ақы төлеген педагогтарға ғана беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ АЯҚТАЛДЫ. ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. 

Сіздің төлеміңіз жеке кабинетіңізде көрсетілмейді, өйткені ол Олимпиадаға қатысу үшін бір реттік төлем болып табылады.

Сертификаттар мен дипломдар, тіркелген кезде көрсетілген жеке электрондық почталарыңызға 12 қараша, сағат 12.00 – ге дейін жіберіледі.

Жиналған баллдар бойынша нәтижелер сіздің жеке кабинеттеріңізде жарияланды. Ол үшін тіркелгіңізге кіру керек. Төлем өтті ме, жоқ па деп сұрау үшін қоңырау шалудың немесе жазудың қажеті жоқ. Егер сіз нұсқаулыққа сәйкес төлеген болсаңыз, қатысу үшін төлеміңіз түсті.

Нәтижелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 7172 29-52-13, 87172 29-52-66 телефондарына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ жеделхатта арна https://t.me/daryn_teachers (ПедСтарт бойынша барлық өзгерістер туралы телеграмм арнада қосымша хабарлаймыз)

Правила Редактируются

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Қаң 10 2022

Labels

События Учителям КАЗ

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-29-49-98