новости
06-11-2018

Итоги республиканского конкурса "Моя малая Родина"

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, қараша айының 1-3  күндері аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының  тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді:

І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің интернет орталығында онлайн режимінде өтті.

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат,көрікті жерлері және т.б.);

 - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу. Осы жоғарыдағы 4 номинация - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факульетінің базасында өтті.

Конкурстың ашылу салтанаты1-қараша күні сағат 15.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өтті.

Конкурстың жабылу салтанаты,жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 3-қараша күні сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында болды.

Конкурсқа  республикамыздың Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары  мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатынан, Назарбаев зияткерлік мектептерінен, Республикалық физика-математикалық мектептерден, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығынан  жалпы 90 оқушы және олардың 23 жетекші мұғалімдері қатысты.

Конкурс қатысушыларына мазмұнды мәдени - танымдық бағдарлама дайындалды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бойынша және Қазақстан палеолит музейіне, Қазақстанның көне және ортағасырлық археология мұражайына саяхат  жасады. Алматы қаласын аралап, Мемлекеттік орталық мұражаймен танысты. Қатысушылар мен жетекшілер Панфиловшылар саябағына тоқтап, гүл шоқтарын қойды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағын тамашалады.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 31 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға -  11 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 15 оқушы ие болды. Сонымен қатар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен ерекше жетістігі үшін 15 оқушы марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар, футболкалар табыс етілді. Жетекшілер үшін арнайы «Тарихи пәндерді оқытудың жаңа технологиялары» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша сертификаттар берілді.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы бағалады.

Орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі төменде көрсетілген:

І дәрежелі дипломдармен:

Қатысушының аты-жөні

Облысы/қаласы

  1.  

Аралбай Ұлдана

Қызылорда облысы

  1.  

Халелова Еркежан

Шығыс-Қазақстан облысы

  1.  

Шарипова  Елдана

Алматы қаласы

  1.  

Нугуманова Елизавета

Шығыс Қазақстан облысы

  1.  

Алишева Диана

Павлодар облысы

 

ІІ дәрежелі дипломдармен:

Қатысушының аты-жөні

Облысы/қаласы

1.

Берікқызы Назерке

Ақтөбе облысы

2.

Пириев Ибрагим

Білім-инновация

3.

Ысқақаов Әлішер

Ақтөбе облысы

4.

Сапарбек Манас

 Түркістан облысы

5.

Шалқар Досмахан

Абай атындағы РММИ

6.

Рахымкереева Бағым

Алматы қаласы

7.

Болат Есугей

Жамбыл облысы

8.

Мұхамбетқалиева Назира

НЗМ Ақтау

9.

Тұрсын Ақниет

Қарағанды облысы

10.

Нүрекеева Гүлжан

Шығыс Қазақстан облысы

11.

Каримова Ботагөз

Шығыс Қазақстан облысы

 

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

Қатысушының аты-жөні

Облысы/қаласы

1.

Маралов Әділет

Қарағанды облысы

2.

Шаншарбаева Венера

Маңғыстау облысы

3.

Тілеген Амантай

Абай атындағы РММИ

4.

Сафаргалиев Санжар

РФММ Алматы

5.

Даулетова Гулзат

Шымкент қаласы

6.

Даниялқызы Аружан

Атырау облысы

7.

Қали Бекзат

Солтүстік Қазақстан облысы

8.

Адалбек Анель

НЗМ Өскемен қаласы

9.

Қожахмет Айжан

Астана қаласы

10.

Майер Кристина

Ақмола облысы

11.

Бейсенбек Шерхан

Алматы облысы

12.

Ахмет Батырали

Білім-инновация

13.

Меңдіғалиева Асылым

Атырау облысы

14.

Жиылыс Баян

Қызылорда облысы

15.

Тұрғанбаева Нұрсая

Маңғыстау облысы

 

«Дарын» РҒПО грамоталарымен:

Қатысушының аты-жөні

Облысы/қаласы

  1.  

Алтынбекова Гаухар

Алматы облысы

  1.  

Витковская Виолетта

Солтүстік Қазақстан облысы

  1.  

Айдарбек Айбек

Түркістан облысы

  1.  

Андрущак Василина

Шығыс Қазақстан облысы

  1.  

Элтайбек Гаухар

Астана қаласы

  1.  

Король Дарья

Қостанай облысы

  1.  

Қонарбаева Мөлдір

Маңғыстау облысы

  1.  

Абіділла Асадулла

Білім-инновация

  1.  

Бектас Бердан

Шымент қаласы

  1.  

Куралов Мадияр

Қарағанды облысы

  1.  

Төлебаева Мәдина

Маңғыстау облысы

  1.  

Сансызбай Сания

Павлодар облысы

  1.  

Аманжолова Аделия

Ақмола облысы

  1.  

Сәуірбай Арсен

Ақтөбе облысы

  1.  

Бақтиярова Амина

НЗМ Өсемен қаласы

Похожее