новости
09-01-2019

«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІII республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІII республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезені үстіміздегі жылдың 7-9 қантар аралығында Астана қаласында № 3 мектеп-гимназиясында өткізілді.

Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінен 57 оқушысымен  38 жетекшілер Ақмола, Алматы , Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Астана мен Алматы қалаларынан қатысты.

 Қазылар алқасының қурамы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының жетекшісі сарапшыларынан құралған. Қорытынды кезендеқатысушылар лексика,грамматика және тыңдалым бойынша тапсырмаларды орындады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

5-8 сыныптар:

I дәрежелі диплом - 9 қатысушы

II дәрежелі диплом -10 қатысушы

III дәрежелі диплом -15 қатысушы

Грамота - 4 қатысушы

9-10 сыныптар:

I дәрежелі диплом - 4 қатысушы

II дәрежелі диплом - 6 қатысушы

III дәрежелі диплом - 8 қатысушы

Грамота - 1 қатысушы

Олимпиада аясында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлімінің басшысы - Абдыхалыков Айдос Тұрсынбайұлы жетекші – мұғалімдерге «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мәселелері. Латын графикасына көшіру үдерісі» атты тақырыпты семинар өткізді. Семинарға қатысқан мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды. Олимпида оқушыларға бағдарлама бойынша психологиялық тренингтер өткізіп Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды .

Скачать фотографии

"Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы" атты өзге ұлттардың

5-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тіл бойынша

 ХIІ республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздар мен жүлдегерлердің мұғалімдерінің назарына!

Осыған байланысты, жетекшілер дер кезінде нысананы толтырмағаны үшін грамоталар беріледі,толтырудың соңғы мерзімі-28 қаңтар 2019 жыл.