Интеллектуалдық ойын-жарыстар
«Алтын жабағы» ойын-жарысы
24-02-2012
0
«Алтын жабағы» ойын-жарысы
Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында оқушыларды әлем тарихына және қоғамдық мәдениетке баулу мақсатында «Дарын» РҒПО Ресей білім беру Академиясымен бірлесе отырып «Алтын жабағы» ойын-жарысын өткізуде. Жарыс сұрақтары үйге 3 күнге беріледі және мектепте қайтарылып алынады. Қатысушылар 10 сұрақтан 6 блокқа бөлінген 60 сұраққа 75 минут ішінде жауап беруі тиіс. Жарыс сұрақтары қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлініп құрастырылады: 3-4, 5-6, 7-8 және 9-11 сыныптары (2-сынып оқушылары өз еркі бойынша қатысуға болады). Сұрақтар әр топқа жеңілден күрделіге қарай беріледі. Қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, ал жүлдегерлер дипломдармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.
«British Bulldog» ойын конкурсы
24-02-2012
0
«British Bulldog» ойын конкурсы
«Британ бульдогы» ойын конкурсын оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын дамыту, лингвистика саласынан дарынды балаларды айқындау, сабақтан және мектептен тыс шет тілдер бойынша жұмыстарды енгізу және шет тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатымен «Дарын» РҒПО British Institutes және Ресей Білім Академиясының Продуктивті Білім беру Институты мен бірлесе отырып өткізеді. Қатысушыларға 75 минут уақыт ішінде түрлі деңгейдегі 60 сұраққа жауап беруге мүмкіндік беріледі. Тапсырмалар тіл қызметінің түрлеріне (грамматика білімі, лексика, сөйлем байланысын және дауыс ырғағын ұғу) бағытталған тапсырмалар 10 сұрақтан 6 блокқа бөлінген. Алғашқы 10 сұрағы – тыңдау. Сұрақтар қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сйкес төрт топқа бөлінген: 3-4, 5-6,…
«Русский медвежонок – тілтану барлығы үшін»
24-02-2012
0
 «Русский медвежонок – тілтану барлығы үшін»
Тілтану көп оқушыларға зерігерлік, ешқандай маңыздылығы жоқ ережелердің жиынтығы секілді көрінеді. Осындай жаңсақ пікірлерді болдырмау үшін және балаларға тіл ғылымының әсемдігін ашу үшін Киров дарынды балаларға қосымша білім беру орталығы РМГУ лингвистика институтының ғалымдарымен бірге 2000 жылдан бері жыл сайын «Орыс қонжығы» атты халықаралық ойын-конкурсын өткізеді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстандағы «Орыс қонжығының» аймақтық ұйымдастыру комитеті болып табылады. Ойын мұғалімдерден аса дайындықты қажет етпей, мектептердің өзінде өткізіледі, ал тапсырмалары көңілді, қызықты және тек «дарынды балаларға» ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттері жоғары балаларға да арналған. Жұмысты орындауға 75 мину…
Халықаралық «Кенгуру – математика барлығы үшін» және «Кенгуру - лингвист» ойын-сайыстары
24-02-2012
0
Халықаралық «Кенгуру – математика барлығы үшін» және «Кенгуру - лингвист» ойын-сайыстары
Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге олардың қызығушылықтарын арттырып дарынды балаларды айқындау мақсатында «Дарын» РҒПО Ресейдегі «Кенгуру» ұйымдастыру комитеті және «Кенгуру плюс» тестілеу техникалық орталығымен бірлесе отырып «Кенгуру – математика барлығы үшін» атты Халықаралық математикалық ойынын өткізеді. Сонымен қатар, 3-11 сынып оқушыларының шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру үшін ағылшын, неміс, француз және испан тілдерінен «Кенгуру-лингвист» Халықаралық ойын-конкурсын өткізеді. Конкурсқа қатысу үшін 3-11 сынып оқушылары іріктеуден өтпей-ақ қатыса алады. «Кенгуру–математика барлығы үшін» конкурсының тапсырмалары күрделілігіне қарай 30 сұрақтан…
«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны
24-02-2012
0
«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны
Дарынды балаларды айқындау және оларға қолдау көрсету мақсатында жылма-жыл Республикалық ғылыми-практикалық орталық 3-10 сынып аралығында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын өткізеді. Интеллектуалдық марафонға қатысушылар: 3-4 сыныптар үшін қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетанудан; 5-8 сыныптар арасында қазақ тілі, орыс тілі, биологиядан; 9-10 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия пәндері бойынша тесттік тапсырмаларды орындайды. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонға оқушылар ерікті түрде қатысады. Қатысушыларға сертификат, ал жеңімпаздарға диплом, сыйлықтар және жазғы профильдік «Дарын» мектебіне жолдама беріледі.