"Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы" атты өзге ұлттар үшін 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәні бойынша Х республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы жайлы ақпарат

26-03-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспарының орындалу барысында «Дарын»РҒПО-ның 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің рухани дамуы және қарым-қатынас ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары, қазақ тілін үйренуге талпынаты өзге ұлт оқушыларының қызығушылығын арттыру, оларды қолдау және әрі қарай дамыту мақсатында  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыҚР Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты  республикалық олимпиадасын  өткізді. 

Олимпиадаға 5-10 сыныптың өзге ұлт оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

Он-лайн режимінде өткізілген олимпиаданың І кезеңіне - 2847 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 25-26 наурыз аралығында қашықтық кезеңі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 114 оқушы  Астана қаласындағы «НұрОрда» мектеп-лицейінің базасында  олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылды. Қорытынды  кезеңге республикамыздың түпкір-түпкірінен 72 оқушылар мен олардың қазақ тілі пәнінің 32 мұғалімдері келді.

 Екі күнге созылған олимпиадада бірінші күні қатысушыларды екі топқа,  яғни түркі тілдес ұлт өкілдері және түркі тілдес емес ұлт өкілдерінің  оқушыларына бөліп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  Ұлттық тестілеу орталығының мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мамандарының дайындаған - тыңдалым, лексика-граматика, оқылым тест сұрақтарына жауап жазды. Екінші күні олимпиада қатысушыларына Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайына   экскурсия  ұйымдастырылды.  

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры - Шәуеев Азат Сәдметұлы, Назарбаев университеті қазақ тілі кафедрасы, филология ғылымдарының докторы, профессоры   - Кузекова Зейнехан Сейтханқызы, Ұлттық тестілеу орталығының мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі - Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы өз мамандарымен жұмыс атқарып, олимпиаданың   жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  анықтады.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II және III дәрежелі дипломдары мен номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен және  ҚР Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының  дайындаған кітаптарымен  марапатталды:

Қазалар алқасының шешімімен:

Түркі тілдес емес ұлт өкілдерінің тобы:

5-7 сынып  – 40 қатысушы:                         8-10 сынып – 13 қатысушы

I орын  – 2 оқушы;

I орын  – 2 оқушы;

II орын– 8 оқушы;

II орын – 3 оқушы;

III орын  – 13 оқушы;

III орын  – 4 оқушы;

Грамоталармен  – 11 оқушы;

Грамоталармен  – 3 оқушы;

Номинациялармен  – 6 оқушы.

 Номинациялармен  – 1 оқушы.

 

Түркі тілдес  ұлт өкілдерінің тобы:

5-7 классы –  7 участников                            8-10 классы – 12 участников

I орын  – 2 оқушы;

I орыны  – 3 оқушы;

II орын– 1 оқушы;

II орын– 4 оқушы;

III орын  – 2 оқушы;

III орын  – 4 оқушы;

Грамоталармен  – 2 оқушы;

Грамотамен  – 1 оқушы;

Оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге «Дарын» РҒПО-ның «Алғыс хаты» мен кітаптар берілді. Олимпиаданың барлық қатысушыларына  сертификаттар беріледі.

Олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушы оқушылардың атынан:

1 дәрежелі диплом иегері Оңтүсті Корея азаматшасы, Алматы қаласындағы №159 гимназия оқушысы – Пак Щи-ын домбырамен  - Нұрғиса  Тілендиевтың «Ата толғау» күйін шертті;

2 дәрежелі диплом иегері Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жайлыбаев ауылының  Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы – өзбек ұлт өкілі Сүлейменова Бахор Раушанқызы   Елбасына, тіл туралы шығарған бірнеше өлеңдерін оқып берді.

3 дәрежелі диплом иегері Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының 8 сынып оқушысы – неміс ұлт өкілі Шеина Адэлина М.Мақатаевтың «Қара сөзін»  жатқа оқыды. Олимпиада қатысушылары қазылар алқасымен, қонақтармен естелік суретке түсті.

Ескертпе: I кезеңге қатысқан оқушылардың сертификаттары Астана, Алматы қалаларының және облыстық "Дарын" координаторларына жіберілді.