«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қорытындысы

«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қорытындысы

09-12-2016

Педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық ынталандыру, Қазақстанның заманауи мектептерінің мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және зерттеумақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстанның замануи мектептерінің мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 7-8 желтоқсан күндері «Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді (бұдан әрі-Фестиваль).

Фестивальге директорлар, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагог мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, дарынды балалармен жұмыс жасайтын аймақтық орталықтардың әдіскерлері қатысты.

Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Фестиваль білім берудегі технологиялар мен әдістемелерді жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мұғалім мамандығының дәрежесін өсіруге, заманауи мектептердің кадрлық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін қамтуға, мобильді білім беру ортасында тиімді жұмыс жасау үшін басшылар мен педагогтердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, коммуникативтік және басқа да құзіреттіліктерді дамытуға негізделген.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, білім беру және «Өрлеу» БАҰО АҚ, психологтар мен әлеуметтік педагогтер);

2) «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы...» (пән мұғалімдері);

ғылыми-жаратылыстану бағыттағы пәндер (химия, биология, география, экология);

физика-математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, информатика);

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);

ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер;

қолданбалы цикл (сурет, дене шынықтыру, технология, қолөнер, АӘД).

3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, музыка мамандары);

4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);

5) «Психологиялық сандықша» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер).

Фестивальде Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының қатысушы педагогтерінің саны басым болды. Фестивальге колледждер және ауыл мектептерінің мұғалімдері, сонымен қатар алғашқы рет Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері аса белсенділікпен қатысты. Фестивальдің кең ауқымда танылуына байланысты қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен  марапатталды.

 

Скачать фото 1

Скачать фото 2