Шығыс дарыны: Балаларға арналған «Қарлы ертегі»

Шығыс дарыны: Балаларға арналған «Қарлы ертегі»

11-01-2017

ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында 2017 жылдың 3-8 қаңтары аралығында облыстың дарынды, белсенді оқушыларына арналған «Қарлы ертегі» қысқы каникул ауысымы өтті.

Жылдың бұл мезгілінде Таулы Үлбінің табиғаты ерекше керемет. Басын қар басқан таулар, тамаша қарағайлар мен шыршалар, таза ауасы адамға өте жақсы әсер береді.

Балалар өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін «Қазіргі заманғы ертегі», «Дарын-star», «Жас актер», «Қар патшайымы» конкурстары кезінде көрсете алды. Әрбір іс-шара барысында концерттік бағдарламалар, ойындар өткізіліп, балалар белсене қатысты. Ең белсенді қатысушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

Барлық балалар қызықты үйірмелерге: хореография студиясы, жүннен киіз жабағылау, қыштан бұйымдар жасауға қатысып, өз қолдарымен түрлі өнер туындыларын жасады.

Жас дарындылықтар дәстүрлі қысқы ойындар: шаңғымен, стьюбпен сырғанап, ақ мамық қармен атысып, мол жағымды әсер алды.

Ауысым қорытынды гала-концертпен және «ZIMASTYLE» би кешімен аяқталды.

«Дарын» базасында балалар жарқын және қуаныщты көңіл-күйге бөленді, белсенді қысқы ойындар балаларға ұзақ уақытқа жағымды заряд сыйлады.