Алғашқы  әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне арналған  республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы ақпараттық хат

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы ақпараттық хат

05-04-2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлес отырып өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, әскери  қызметке қызығушылық білдіретін дарынды балаларды анықтау мақсатында а.ж. 11-13 мамыр аралығында Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының ақтық кезеңін өткізеді.

Олимпиада барысында а.ж. 12 мамыр күні, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я. Бегельдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында (Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 10)  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары өткізіледі.

Өскелең ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық жауапкершілігін қалыптастыру жолында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерінің алатын орны ерекше. Іс-шара барысында аталған саладағы білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сыныптар, тренингтер өткізуі қарастырылған.

Семинардың мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үрдісіне заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинарға білім беру ұйымдарының (қазақ және орыс тілдерінде білім беретін) алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері шақырылады.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді (бару-қайту жолы, тамақтануы, жататын орны). Семинарға қатысу тегін. Семинар 12 мамыр күні сағат 09.00-18.00 аралығында өтеді. Семинарға келу күні – 11 мамыр,  аяқталуы12 мамыр, сағат 18.00.

Семинардың қатысушылары «Утро» қонақ үйінде (ақылы түрде) тұруға болады. Қонақ үйдің төрт орындық бөлмесінде тұру бір адамға тәулігіне 1 500 (бір мың бес жүз) теңгені  құрайды.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 81. Байланыс телефондары:+7(7212)43-86-36, +7(7212)43-86-61. Қонақ үйді картадан көру үшін келесі сілтемені қолдануға болады https://karaganda.restoran.kz/hotel/8396-utro#anchor-map.

Семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж24 сәуіріне дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекен-жайға жіберуге болады: Астана қ., Республика даңғылы, 34А, тел. 8/7172/29-49-98, e-mail: m.dyisenbay@mail.ru.

 

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Облысы, мектебі

Пәні,

оқыту тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Е-mail

Байланыс телефоны

Қонақ үйдің қажеттілігі