Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
Оқушылар арасында  информатикадан ІX Еуразиялық олимпиадасына Ақпараттық хаттама

Оқушылар арасында информатикадан ІX Еуразиялық олимпиадасына Ақпараттық хаттама

05-10-2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы назарларыңызға жеткізеді.

 

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдердің, сондай-ақ  Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар арасында  информатикадан ІX Еуразиялық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту, компьютерлік модельдеу мен ақпараттық технологиялар және есептеу ғылымдары саласындағы ең дарынды жастарды анықтау.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы және 1 жетекшіден тұратын командалар қатыса алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады - іріктеу және қорытынды.

Іріктеу интернет-кезеңі  2017 жылғы 5 қараша, жексенбі күні, басталуы сағат 9.00 UTC  (14.00 Батыс-Қазақстан, 15.00 Шығыс-Қазақстан уақытымен). Кезеінің өту узақтығы – 5 сағат.  Іріктеу кезеңіне қатысушы командалар аккредиттелген оқытушының бақылуымен өтеді.

 

Информатикадан Еуразия олимпиадасына қатысу мүмкіндігін алатын командалар саны іріктеу интернет-кезеңінен кейін анықталады.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталған үздік командалар 2017 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Алматы қаласында Еуразия олимпиадасының қорытынды кезеңіне шақырылады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне байланысты қосымша ақпарат www.daryn.kz сайтында жарияланатын болады.

 

Нұсқаулық

1.Мұғалім http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.htmlсайтына сұраныс жіберуі керек.

2. Аккредитациядан кейін мұғалімнің электрондық поштасына  командаларға хабарлау үшін құпиясөз жіберіледі.

3. Командалар http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.htmlсайтына тіркелуі керек.

4. 2017 жылдың 30 қазаны дүйсенбіден 3 қараша жұмаға дейін сыналатын кезең өтеді, жүйеге кіру http://neerc.ifmo.ru/p.

5. Жексенбі күні 5 қараша негізгі кезең өтеді.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017