Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелерін оқыту-жаттығу жиындығының қорытындысы туралы ақпарат  Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы)

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелерін оқыту-жаттығу жиындығының қорытындысы туралы ақпарат Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы)

02-11-2017

2017жылдың 23 қазан және 1 қараша аралығында Мәскеу физика-техникалық институтының жалпы физика кафедрасында Неймеген қаласында (Нидерланды) 3-12 желтоқсан аралығында өтетін Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы (IJSO-2017) құрама командасының мүшелерін дайындау және жоғары нәтиже көрсету мақсатында оқыту-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Оқыту және оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден құралған. Стандартты емес тапсырмаларды шешуге, оқушылырдың олимпиада алдында тұрақты мінезін қалыптастыруға, тест және өлшеу материалдарымен жұмыс істеу дағдысын дамытуға, соның ішінде олимпиаданың тапсырмаларын шешуге бағытталған практикалық сабақтарды университеттің жетекші оқытушылары өткізді.Оқыту сабақтары бекітілген бағдарламаға сәйкес жалпы физика, биофизика кафедрасының зертханаларында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиынына жасөспірімдер құрамасының мүшелері, көптеген республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерішақырылды: Ли Давид, Лес Диас, Драганчук Антон, Жұмадиев Жәнібек, Черданцев Владислав, Копенов Нұрлыхан.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017