Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
«Үздік авторлық бағдарлама»  республикалық конкурсының қорытынды ақпараты

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды ақпараты

14-11-2017

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.  Кәсіби өсуге бағытталған педагог өз тәжірибесін тарату және педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында қоғамға өзін танытуға ұмтылады. Заманауи оқыту құралын, инновациялық технологияларды жете меңгермей,  мұғалім мамандығының мәртебесін көтеруге, педагог кәсібилігіне қол жеткізу мүмкін емес.    

Бұл мәселелерді шешуде педагогикалық шеберлікті тарататын конкурстар ерекше орын алады. Конкурс арқылы педагог өзінің кәсіби қоғамдағы орнын тауып,  педагогикалық шеберлігін көтеріп, шыңдай алады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында а.ж. 8-9 қараша күндері «Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.

2017 жылғы конкурсқа жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен өтілі 5 жылдан кем емес білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, республикалық мектептер, халықаралық мектептер, «НЗМ» АҚ, бала-бақша тәрбиешілеріқатысты.

Биылғы жылы конкурсқа 473 жұмыс, оның ішінде 65 командалық  авторлық жоба ұсынылып, 227 жоба оның ішінде 46 командалық жұмыс қорытынды кезеңге жолдама алды. Барлығы 278 қатысушы. Мамандандырылған білім беру ұйымдарынан – 105, қалалық мектептерден – 113, ауыл мектептерінен – 40, НЗМ – 40, РББҰ - 2 авторлық бағдарлама.

Жобалар әртүрлі формада берілген: жобаларды қорғау, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешен және ұсыныстар, дидактикалық материалдар, мектепті басқарудың жаңа моделінің тұсаукесері, бейіндік пәндер, қолданбалы және арнайы курстар бойынша бағдарламалар.

Конкурс бағдарламаларын іріктеу және сараптама жұмысын республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінен құрылған арнайы сараптама комиссиясы жүргізді. Комиссия құрамы «Дарын» РҒПО-ның оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.

Конкурстың қазылар алқасының құрамына Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Сүлейман Демирель университетінің ғалымдары мен оқытушылары енді.

Ұсынылған авторлық жобаларға сәйкес конкурс сегіз бағытта өткізілді:

-  Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту;

-  ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география, экология);

-  физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика);

-  қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ, орыс, ағылшын тілі, әдебиет, тарих, құқық);

-   эстетикалық бағытағы пәндер (бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, технология, сызу, АӘД);

-  тәрбие жұмысы және психология.

Қазылар алқасы авторлық жобаларды бағалап, жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтары табыс етілді. 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017