kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
«Мектептің жаңғыруы жағдайында ғылыми–жаратылыстану білім беруді жетілдіру» атты химия, биология, география мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы қорытынды ақпарат

«Мектептің жаңғыруы жағдайында ғылыми–жаратылыстану білім беруді жетілдіру» атты химия, биология, география мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы қорытынды ақпарат

14-11-2017

Бүгін мектеп қарқынды түрде өз келбетін өзгертуде. Бұл ең біріншіден, қазақстандық білім берудегі шынайы өзгерістермен байланысты. Мұғалімдердің алдында “Ақпараттандыру дәуірінде қалай оқыту керек?”, “Оқушыға бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуға көмектесетін сабақта алған білімдерін, сапаны қалай арттыру керек?».

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңартудың алдына қойған мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы және критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе  а.ж. 30 қазан 2 қараша аралығында университеттің жаратылыстану және география институты Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясыкафедрасы базасында (Алматы қаласы) «Мектептің жаңғыруы жағдайында ғылыми–жаратылыстану білім беруді жетілдіру»атты білім беру ұйымдарының химия, биология, география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізді.

Семинар мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру, химия, биология, география мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық практикасының өзекті  мәселелері бойынша тәжірибе алмасу .

Семинар міндеттері:

- “Критериалды бағалау жаңа педагогикалық технология негізінде”, “Оқушылардың топтық жұмысының тиімділігін арттырудың әдіс-тәсілдері”, “Заманауи жалпы білім беретін мектепте оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту», «Білікті мұғалім – табысқа қол жеткізген мұғалім», «ҰБТ жаңа форматы және оған дайындық” тақырыптарын талқылау;

- Белсенді тренингтер өткізу «География сабағында оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру», «Мұғалімдерді оқушылармен туристік-өлкетану жұмыстарын жүргізуге дайындау».

Семинарды НЗМ ПШО курстарынан өткен тренерлер: профессорлар Избасарова Р.Ш., Абдиманапов Б.Ш., доценттер Жумагулова К.А., Абдикаримова Г.А., Назарымбетова К.А., Жусупбекова Н.С., Мейирманова А.А. т.б. өткізді.

Химия пәні мұғалімдеріне арналған күрделі есептерді шешу бойынша тренингтерді доцент Назарымбетова К.А. и Мейирманова А.А. өткізді. Жаңартылған оқулық авторлары ретінде Абдиманапов Б.Ш. и Абулгазиев А.А. география пәні мұғалімдерін жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктерімен, жаратылыстану-ғылыми білім берудің өзгерістерімен таныстырды. Профессор Избасарова Р.Ш. қазіргі таңда мектепте пайдаланылатын 5-7 сынып биология пәнінің ерекшеліктері мен өзгерістерін көрсетті.

География пәні мұғалімдеріне арнайы Медеуге саяхатында доцент Омаров К.М. өлкетану жұмыстарын жүргізудің техникалары мен әдіс-тәсілдерін үйретті. Семинар қатысушыларыына сертификаттар тапсырылды. 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017