Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

11-сынып оқушылары үшін "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат

16-11-2017

Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасын өткізеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2014 жылдың 12-қарашасындағы №460 бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасы еңгізілген.

Олимпиада туралы www.daryn.kz және www.kaznu.kz сайттарында жарияланған. 

Республикалық олимпиада үш кезеңде өтеді. Бірінші және екінші кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында өтеді. Үшінші кезең әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: математика, физика, химия,биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті,ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

Сонымен қатар, Сіздердің назарларыңызға Республикалық олимпиада бойынша www.kaznu.kz сайтында онлайн-түрде 2017 жылдың 15-желтоқсанынан 2018 жылдың ақпан айының 7-не дейін байқау тесті түрінде жүргізіледі. Бірінші кезең ақпан айының 8-9 жұлдызында, екінші кезең наурыз айының 2-жұлдызында өткізіледі.

Бірінші кезең2018 жылдың ақпан айының 8-жұлдызында Астана уақытымен Астана қ., Алматы қ., Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында және ақпан айының 9-жұлдызында Астана уақытымен Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында өткізіледі.

Екінші кезеңге 70%-дан жоғары балл жинаған қатысушылар өтеді.  Екінші кезең наурыз айының 2-ші жұлдызында Астана уақытымен барлық аймақтарда бір мезгілде онлайн түрде сағат 11:00-ден 12:00 аралығында өтеді.                                                     

Үшінші кезең 2018 жылдың сәуір айының  5-6 күндері Алматы қаласында  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтеді.

Үшінші кезең Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиаданың үшінші турының тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде, ал жалпы-гуманитарлық бағытта эссе мен университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтардан тұрады.

Сұрақтар бойынша: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. тел.: 8 (727) 2925717; ішкі – 21-75.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017