Итоги мероприятий
10-07-2019

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан-ата жұртым, қасиетім-ана тілім» атты ХVI халықаралық олимпиадасы туралы қорытынды ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы №250 бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облысы әкімшілігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2-6 шілде күндері аралығында Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан-ата жұртым, қасиетім-ана тілім» атты ХVI халықаралық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - шетелде тұратын қазақ диаспорасының ең дарынды және ең талапты жасөспірімдерін анықтап, олардың қазақ тілі мен әдебиетіне, туған елінің тарихы мен өз мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, олардың Қазақстан Республикасында жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасап қолдау көрсету, сондай-ақ болашақта елге оралуына ықпал ету.

Қазақстанныңбатысында, Жайықөзенінің бойында орналасқан мұнайлы өлке Атырау елі олимпиаданың қатысушыларын құшақ жая қарсы алды. Облыс әкімшілігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті, сондай-ақ облыстық Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған Кіші өнер академиясының өнерпаз оқушылары мен мұғалімдері өз өнерлерін көрсетті. Ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының міндетін атқарушы Ж.Төремұратова және қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы құттықтау сөз сөйледі. Олимпиадаға Иран, Қырғызстан, Монғолия, Қытай, Өзбекстан және оның ішінде Ташкент, Науаи қалаларынан, Ресей Федерациясының - Самара, Омбы және Алтай өлкесінен 62 оқушы мен 12 жетекші-мұғалімдер қатысты.

Олимпиада үш тур бойынша өткізілді:

1 тур – (жазбаша) берілген тақырыпқа шығарма жазды;

2 тур – (ауызша) қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасы бойынша сұрақтарға жауап берді;

3 тур – (шығармашылық) «Менің болашағым – Қазақстан» тақырыбына үй тапсырмасының таныстырылымы музыка, театр, поэзия, кескіндеме және т.б. құралдармен айшықты бейнеледі.

Бағдарламаға сәйкес, 3-4 шілде күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында олимпиаданың І (ауызша) туры және ІІ (жазбаша) туры өтті, ІІІ (шығармашылық) тур бойынша қатысушылар облыстық Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған Кіші өнер академиясының акт залында өз өнерлерін көрсетті. Қандастарымыздың өнерлерінің мағыналары өте әсерлі, олар Қазақстанның топырағын басқандарына, өз ата-бабаларының елінде, жерінде жүргендеріне бақытты екенін өз өнерлерінде халыққа жеткізіп, көрермендердің көздеріне жас алдырды. Халықаралық олимпиада шеңберінде бағдарлама бойынша қатысушыларға Атырау облысының киелі орындарына саяхаттар, зиялы қауыммен кездесулер, экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қатысушылар, Жайық өзенінде катермен Атырауды тамашалап, катер үстінде би кешін өткізді.

5 шілде күні қатысушылар мен жетекшілер және қазылар алқасы Махамбет ауданындағы Сарайшық селосындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына саяхат жасады. Сонымен қатар, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне және Ш.Сариев атындағы өнер музейін аралап, кешкі астан кейін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының «Кастинг» тақырыбындағы қойылымды тамашалады. Олимпиада шеңберінде ұйымдастырылған барлық іс-шара қатысушылар мен жетекшілерге үлкен әсер қалдырды.

Халықаралық олимпиаданың қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен білім қайраткерлерінен құралды, олар да оқушылардың жұмысын анықтау барысында балалардың жүрегі қазақ деп соғып тұр, еліміздің нағыз патриоттары болатын дарындылар деп айта кетті.

Олимпиаданың ресми жабылу салтанаты, яғни жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі облыс әкімінің 1-ші орынбасары С.Шапкеновтың қатысуымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтті. Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен 27 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 14 оқушы ие болды. Сонымен қатар, Атырау облысының әкімшілігі барлық оқушыларға «Empire» брендініңбағалы сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Семей қаласындағы Шәкәрім университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетініңректорлары жеңімпаз атанған шеттегі қандастарымыздың балаларына қолдау танытып өз гранттарын табыстап, марапаттады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының номинация бойынша дипломдарымен 12 оқушы және грамоталармен 10 оқушы марапатталды және барлық қатысушылар мен жетекшілерге олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді, сонымен қатар ұйымдастыру комитеті тарапынан әр оқушыға сөмке (рюкзак), Дарын блокноты, футболка, бейсболка берілді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті келген қонақтарды құр қол жібермей барлық қатысуышларға өз пакеттерін ұсынды, пакет ішінде «Атырау университеті» логотипі салынған футболка, бейсболка және университет туралы кітап болды.

Орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі тізілімде көрсетілген.

 

 

 

Қосымша 1

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің   І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломадарымен марапатталған

оқушылар тізімі

 

І дәрежелі дипломмен:

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мемлекеті

001

Амантаев Нуркен

8

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

002

Режабов Бекзат

9

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

003

Маханов Азат

10

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

004

Мергенова Сымбат

11

Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы

005

Кушербаева Лаура

11

Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы

 

ІІ дәрежелі дипломмен:

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мемлекеті

001

Салибекова Балжан

8

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

002

Жиенбаев Сұлтан

9

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

003

Гумарова Адэма

9

(РФ, Қосағаш, Алтай Республикасы

004

Жиенбаев Нуркен

10

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

005

Серикова Наргиза

10

Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы

006

Сейфулла Ахмарал

11

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей

007

Ахметова Жадыра

12

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

008

Бүркит Алтынсырга

12

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей

 

ІІІ дәрежелі дипломмен:

 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мемлекеті

001

Шадкам Нәфисе Әбдіхалим

8

Иран Ислам Республикасы

002

Кабаева Алина

8

Ресей Федерациясы, Самара облысы

003

Дивал Рәбия Нематолла

9

Иран Ислам Республикасы

004

Бауыржан Хосханат

9

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей

005

Джумажанова Жулдыз

9

(РФ, Қосағаш, Алтай Республикасы

006

Қазақ Айдын Асқар

10

Иран Ислам Республикасы

007

Аралов Алмаз

10

Ресей Федерациясы, Омбы облысы

008

Турсумбаев Мадияр

10

Ресей Федерациясы, Омбы облысы

009

Алға Еділ

12

Қытай Халық Республикасы

010

Бекматов Бекдос

12

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

011

Адилов Кайратты

11

Ресей Федерациясы, Омбы облысы

012

Касимова Алсу

11

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

013

Алимбаева Айман

11

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

014

Полатбекова Оразгул

11

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы

 

 

Қосымша 2

 

«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының номинация бойынша дипломдарымен және грамоталарымен марапатталған оқушылар тізімі

Номинация бойынша дипломмен:

Оқушының

аты-жөні

Номинация бойынша дипломдардың атауы

Мемлекеті

1

Ескелді Хасти Әли

Жас талап

Иран Ислам Республикасы

2

Малчибаева Жания

Ұшқын

Қырғызстан Республикасы

3

Абдисаматова Аружан

Серпін

Өзбекстан Республикалы, Ташкент облысы

4

Оразбаева Ару

Ең үздік шығарма

Өзбекстан Республикалы, Ташкент облысы

5

Жетписбаева Айдана

Ең үздік шығарма

Өзбекстан Республикалы, Ташкент облысы

6

Джумаева Алия

Жеңіске деген талпынысы үшін

Ресей Федерациясы, Самара облысы

7

Жоламан Исатай

Жігер

Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей

8

Бәли Арман Тоуфиқ

Жас өнерпаз

Иран Ислам Республикасы

9

Шаткам

Алланияз Қосаләзім

Үміт

Иран Ислам Республикасы

10

Қазақ

МұхаметмұстапаРахман

Ең жас қатысушы

Иран Ислам Республикасы

11

Амирова Айдын

Жас білімпаз

Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы

12

Упина Адина

Жалын

Ресей Федерациясы, Омбы облысы

 

       Грамоталармен:

Оқушының аты-жөні

Мемлекеті

Гр-001

Тағаниязи Дүние Сейіт

Иран Ислам Республикасы

Гр-002

Женағи Аида Хамзе

Иран Ислам Республикасы

Гр-003

Ескелді Малике Қосрау

Иран Ислам Республикасы

Гр-004

Ескелді Ясер Мұрат

Иран Ислам Республикасы

Гр-005

Акматаева Дерья

Қырғызстан Республикасы

Гр-006

Амирова Аида

Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы

Гр-007

Куланова Ару

Өзбекстан Республикалы, Ташкент облысы

Гр-008

Сайпошева  Камилла

Ресей Федерациясы, Самара облысы

Гр-009

Ибраева Жанима

Ресей Федерациясы, Омбы облысы

Гр-010

Расулов Жаксылык

(РФ, Қосағаш, Алтай Республикасы

Фотографии:

фото фото фото фото фото