новости
20-03-2019

Итоги Первой республиканской олимпиады по казахскому языку и литературе имени Абая

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен 2019 жылдың 18-20 наурыз аралығында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат базасында 9-11 сынып оқушылары арасында тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиетінен  Абай атындағы республикалық олимпиада өтті. Бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналған қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, өлмейтін артына сөз қалдырған қазақтың бас ақыны – Абай шығармашылығына арналған олимпиаданың өткізілгені көз қуантады. Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін оқушының түсінуіне бейімдеу, хакім қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгерту, Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйрену, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдануды мақсат еткен бұл олимпиаданың қазақ руханиятының қызметі жолында атқарар рөлі зор болмақ. Олимпиаданың идея авторы және ұйымдастырушысы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты.

Олимпиаданың салтанатты ашылуында алғы сөз сөйлеген "Дарын" РҒПО зертхана жетекшісі Аманова Зәуре Малгаждарқызы, Абайтанушы, "Хакім Абай" ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет, Абай атындағы РММИ директоры Сексенова Роза Ербозымқызы қазақ руханиятының бастауында тұрған дана Абайға арналған мұндай олимпиаданың маңызы зор екенін атап өтіп, дәстүрлі жалғасы боларына сенім білдірді. Үш күнге созылған олимпиадаға республикадан, өңірлік іріктеу турынан өткен, білім беру ұйымдарының 9-11 сыныптарынан 73 оқушы қатысты. Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде Абай шығармашылығын бүгінгі күнмен байланыстырып эссе жазған қатысушылар екінші кезеңде ақын Абай, хакім Абайдың мұрасы туралы сұрақтарға жауап беріп, әдеби-танымдық талдау жасаудан сайысқа түсті. "Хакім Абай" ғылыми-зерттеу институты, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазмемқызПУ, С.Демирел атындағы университеттің абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым-ұстаздарынан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша сан жүйрік бәйгеге шапқан бұл жарыстан мыңнан тұлпар озып шыққан төмендегі оқушылар жеңімпаз атанды.

І дәрежелі диплом иегерлері:

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Сейітжанов Ақтілек

11

Түркістан обл.

Бегімбаева Ботагөз

11

Ақмола обл.

Батай Аружан

10

Павлодар обл.

Тұрсынәліқызы Тоғжан

10

Абай атындағы РММИ

Тлеумбекова Жантолы

10

Алматы қ.

Шалқар Досмахан

9

Абай атындағы РММИ

Қайыржан Камилла

9

Ақтөбе обл.

 

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Жүнісбек Назерке

11

Алматы қ.

Адилбек Динара

11

Түркістан обл.

Байтұрған Шуақ

11

Абай атындағы РММИ

Алпысбай Жания

11

Алматы обл.

Мұратова Дана

10

Ақтөбе обл.

Әбітай Азиза

10

Абай атындағы РММИ

Әсетова Гүлім

10

ШҚО

Дүйсен Еркемай

10

Түркістан обл.

Қуанбаева Дамира

9

Абай атындағы РММИ

Бектұр Мерей

9

Алматы обл.

Досымқызы Алиман

9

Алматы қ.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Чакий Ақжарқын

11

Астана қ.

Налибаева Зарина

11

Қызылорда обл.

Тоқбазар Әлібек

11

Алматы қ.

Жилисбек Ботагөз

11

Тараз қ.

Тыныштық Іңкәр

10

Ақтөбе обл.

Мұстафанова Аида

10

Алматы обл.

Кеңес Мерей

10

Ақмола обл.

Аязбай Нұрбибі

10

Абай атындағы РММИ

Омарова Ұлжан

10

Астана қ.

Дәуренбекұлы Абылай

9

Абай атындағы РММИ

Шалқарбай Баян

9

Түркістан обл.

Еркін Қазына

9

Алматы қ.

Аманжолова Ақмарал

9

Қызылорда обл.

Ибадиллаева Мәдина

9

Тараз қ.

Турсунова Аружан

9

Астана қ.

Грамота иегерлері:

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Маштаева Аружан

11

Ақмола обл.

Қасымова Ақмаржан

11

Алматы обл.

Қуат Жібек

11

ШҚО

Нұрбек Жайдар

11

ШҚО

Сатыбалды Айзада

11

Алматы обл.

Абдикарим Ажар

11

Абай атындағы РММИ

Жұмасыл Іңкәр

10

Ақмола обл.

Әліқұл Назерке

10

Түркістан обл.

Бердімұратова Сұлухан

10

Алматы обл.

Смаилова Асемай

10

Алматы обл.

Қанапия Алуа

10

Алматы қ.

Әбді Жібек

10

Алматы қ.

Көкен Нұрай

10

Абай атындағы РММИ

Барзуев Ахматжан

9

Түркістан обл.

Турсунова Аружан

9

Астана қ.

Алхабек Аян

9

Астана қ.

Жолдыбай Алтай

9

Алматы обл.

Ахметқазы Сымбат

9

Алматы қ.

Қыдырмолла Диас

9

Абай атындағы РММИ

Қадырбек Алтынай

9

Алматы қ.

Алғыс хат иегерлері

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Амангелді Даниял

11

Павлодар обл.

Жетпісбай Ақерке

11

Алматы қ.

Шерен Ажар

11

Алматы қ.

Жуманова Риза

10

Ақмола обл.

Мажитова Аяжан

10

Қызылорда обл.

Әнуарбекова Мөлдір

10

ШҚО

Тілеуқабыл Аяулым

10

Алматы қ.

Жұмабаева Райхан

10

Алматы обл.

Әділ Тоғжан

10

Алматы обл.

Белгібаева Ғазиза

9

Тараз қ.

Қайырбекова Айнаш

9

Ақмола обл.

Азатбек Армангүл

9

Ақмола обл.

Есентайқызы Аяулым

9

ШҚО

Ақын Балжан

9

Павлодар обл.

Ерғали Назерке

9

Павлодар обл.

Сейітқазы Мадина

9

Алматы қ.

Жұмабек Ризажан

9

Алматы қ.

Арнайы жүлде иегерлері:

"Хакім Абай" ғылыми-зерттеу институтының Арнайы жүлдесі

Аты-жөні

Сыныбы

Облыс/қала

Маштаева Аружан

11

Ақмола обл.

Қуат Жібек