новости
12-05-2019

Физикадан 20-шы Азия олимпиадасына қатысу қорытындысы

Бүгін физикадан 20-шы Азия олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстаннан келген қатысушылардың нәтижелері белгілі болды.

Айта кетейік, физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында физикадан жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс. Олимпиада 2000 жылдан бері 19 жыл өткізіліп келеді.

Олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Индия, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінен физиктер қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда мүшелері 3 қола медальды жеңіп алды:

Байлин Әмірхан - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 11 сынып оқушысы - қола медаль; 

Туленов Дияр - Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы - қола медаль;

Мағауин Расул - Семей қаласы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы - қола медаль. Сондай-ақ Расул эксперименталды турда үздік нәтиже көрсетті.      

Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Похожее