новости
08-08-2019

“БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ” тақырыбында мамандандырылған білім беру ұйымдарының республикалық тамыз педагогикалық кеңесінің БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазіргі заман қоғамында болып жатқан әлеуметтік процестер баланың жеке тұлғасына және ішкі дүниесіне бағытталған жаңа білім беру мақсаттарын әзірлеу үшін дамытудың алғышарттарын жасайды. Әлем біздің көз алдымызда қарқынды өзгеріп отырады, білім беруді ғана емес, экономика мен қоғамның орнықты даму жолында адамзат үшін елеулі жаһандық проблемаларды белгілейді. Эйнштейн айтпақшы, туғызған ойлау моделін өзгертпей, ескі мәселелерді шешу мүмкін емес. Бұл жағдайда болашақ білімнің инновацияларында екендігін айқын көреміз. Заманауи әлемде «жетілдіруді дамыту» сұранысқа ие емес.

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет on-line режимде  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы” тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) өткізеді.

Кеңестің мақсаты: білім мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған мектептерде сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Педагогикалық алаң жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері on-line қатысады.

Педагогикалық алаң жұмысы 9 тамыз күні сағат 10.00-де басталады.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, А-191, 2, №73 физико-техникалық лицейі

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан ала аласыздар: Нұр-Сұлтан қ.,  Республика даңғылы, 34А. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Байланыс телефондары: 8 /7172/ 29-49-988-701-292-36-12

 

http://lenta.inform.kz/kz/daryn-rgpo-tamyz-pedagogikalyk-kenesin-online-rezhimde-otkizude_a3554918