ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2024 жылдың 21-22 қазан күндері Алматы облысының Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс». Сайысқа 36 жас ақын қатысып, өнерлерін көрсетті.
Жас ақындардың сайысына елімізге танымал айтыскер ақындар, жазушылар және журналистер төрелік етті. Қазылар алқасы суырыпсалмалық шеберлік, тақырыпты аша білу, сахна мәдениеті және өлең құрылымы бойынша 10 балдық жүйемен бағалады. Айтыс ашық түрде өтіп, барлық кезеңдерде ақындар жеребе арқылы анықталып, сөз сайыстырды.
«Тақырыптық айтыс» нәтижелері:

  • Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлде – Жамбыл облысынан келген Сейдакбарова Әсемай;
  • Үмбетәлі Кәрібаев атындағы арнайы жүлде – Абай атындағы РММИ оқушысы Кулахмет Елсияр;
  • ІІІ орын иегерлері: Шымкент қаласынан Мажит Аятулла, Алматы облысынан Асылбекқызы Диана, Астанадан Мақсұтқанова Айғаным;
  • ІІ орын иегерлері: Алматы қаласынан Сауытқан Айбарыс, Жетісу облысынан Жұмағазы Жайық;
  • І орын – Алматы облысынан Шәріпбай Балнұр;
  • Бас жүлде – Маңғыстау облысынан Байжігіт Бейбіт.
    «Қайым айтыс» нәтижелері:
  • Әлімқұл Жамбылов атындағы арнайы жүлде – Маңғыстау облысынан Сарсен Әли;
  • Есдәулет Кәндеков атындағы арнайы жүлде – Алматы қаласынан Құдайберген Аяжан;
  • ІІІ орын иегерлері: Жетісу облысынан Нурланханқызы Динара, Абай атындағы РММИ-ден Сезімхан Сырымбет, Павлодар облысынан Баршинбаев Мейржан;
  • ІІ орын иегерлері: Алматы облысынан Зинулла Ақнұр, Жамбыл облысынан Жаңабай Інжу;
  • І орын – Астана қаласынан Қайратұлы Абылай;
  • Бас жүлде – Атырау облысынан Ерсаинов Марсель.
    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық тағайындалды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

«Дарын»  РҒПО  «Алматы облысының Білім  басқармасы»  мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегі күндері аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткізеді.

          «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізу мақсаты: Оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;  суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру табылады.

Айтыс екі номинация бойынша өткізіледі:

- Тақырыптық айтыс. Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.

- Қайым айтыс. Қайым айтыстың негізгі шарты — айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару.

«Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының өту барысы бұқаралық-ақпарат құралдарында сондай-ақ, YouTube платформасында тікелей эфирде және  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланатын болады.

Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл»  айтысына 35 оқушы қатысады деп жоспарлануда.

«Жыр алыбы – Жамбыл»   республикалық жас ақындар айтысының салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері Ұзынағаш мәдениет үйінің концерттік залында өтеді.

Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделері мен I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» РҒПО-ның «Есенқұл Жақыпбеков», «Есдәулет Қандеков», «Әлімқұл Жамбылов»,  «Үмбетәлі Кәрібаев» аттарындағы арнайы жүлделі дипломдарымен марапатталып, барлық оқушыға қатысушы сертификаттары табысталатын болады.

 

Ұйымдастыру комитеті

+7 (7277) 27-90-82

naku_abai@mail.ru