Республиканская заочная школа
17-06-2013

Республикалық сырттай оқыту мектебінің жеңімпаздарына 2013 жылдың маусым айының 11 мен 14 аралығында химия, биология, тарих пәндерінен бейімдік ауысымының қорытындысы

Республикалық сырттай оқыту мектебінің жеңімпаздарына 2013 жылдың  маусым айының 11 мен 14 аралығында химия, биология, тарих пәндерінен бейімдік ауысым ұйымдастырылды.

Алматы, Ақтөбе, Ақмола,Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, СҚО, ОҚО, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан 26 жеңімпаз қатысты. Бағдарламаға сәйкес оқушыларға Алматы қаласының  тәжірибелі ұстаздары химия, биология, қазақстан тарихы пәндерінен сабақ өтіліп, 4 турда алған білімдерін бекітті.

Қатысушылар химия пәні бойынша есептер шығарды. Биология пәні бойынша тест алынып, қызықты логикалық сұрақтарға жауып берді. Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиадалық сұрақтар алынып, жұмбақтар шешті.Қорытынды бойынша  8 сынып оқушысы Ерғали Сая (№3 ДБАОМИ Көкшетау қаласы), Байманкулова Ляззат  8 класс класс  оқушысы (Лисаковскқаласы № 6 орта мектеп), Ильяс Аида  (№3 ДБАОМИ Көкшетау қаласы) жоғары балл жинап, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен

Қазақстан тарихы бойынша:

1.     Қарымсақов Айбол

2.     Ерден Ақбота

Биология пәні бойынша:

1.Жанпейсов Қонарбек

2.Еркінжасов Арман

Химия пәні бойынша:

1.Турсынбекова Жанеля

2.Кенжаева Мариям

Үшінші  дәрежелі дипломмен

Қазақстан тарихы бойынша:

1.Әбденов Наурызбек

2.Ибраева Сая

3.Шыңғысхан Айгерім

Биология пәні бойынша:

1.Алпамыс Жансая

2.Ақмолдаева Гүлмира

3.Рыскелді Дина

Химия пәні бойынша:

1.Харишева Виктория

2.Скрыльникова Мария

3.Ахмет Гүлжанат   марапатталды.

Бейімдік ауысымға қатысушылар Қазақстан тарихы, биология, химия сабақтарына қатысты.

Сонымен қатар бейімдік ауысымға қатысушылар Алматы қаласының көрікті, мәдениетті орындарына саяхат жасады. Тұңғыш Президенттің саябағына»,«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музейіне», «Медеу» спорт комплексіне, «Алтын адам» монументтеріне, «Көктөбе» «Алмалы» ойын-сауық орталықтарына саяхат жасады»,бейнелеу өнерінен отряд бойынша жарысқа қатысты, Килибаев Жан (Ақтау қаласы, № 11 МФМ мектебі) деген оқушы «Болашақ Қазақстан» атты сурет байқауында өлең шығарып барлық оқушыларды таң қалдырды.

Барлық оқушыларға сертификат, грамота, сыйлықтар, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.Қатысушылар қазақстан тарихы, биология, химия пәндерінен білімін толықтырды, қорытынды тестік тапсырмалар орындады.