kz ru en
ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Балаға мейірімді Қазақстан

ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Балаға мейірімді Қазақстан

30-11-2017

2017 жылғы 20-21 қараша аралығында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру мақсатында және Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты ІІ республикалық балалар Форум-Фестивалі (бұдан әрі – Форум-Фестиваль) өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл мен Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысынан балалар Форум-Фестивалінің жұмысына облыстың барлық өңірлерінен қоғамдық ұйымдар мен балалар өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанған 20 бала қатысты.

Форум-Фестивальдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев құттықтау сөз сөйлеп, берілген шараның Қазақстандағы балалардың құқығын қорғау жұмысын жақсартудағы маңыздылығына тоқталды, мемлекет өміріндегі баланың рөлін атап өтіп, балаларға алдағы уақытта табыстар тіледі.

Форум-Фестивальге қатысушы балалар үшін бала мен заң, баланың көзқарастарын құрметтеу, бала мен отбасы, балалар және зорлық-зомбылықпен күрес, бала мен қоршаған орта жағдайы сияқты өзекті мәселерді талқылайтын 13 диологтық алаңдар ұйымдастырылды.

Балалар үшін оқушылар Сарайының барлық алаңдары ашық болды: планетарий, балалар инновациялық-интерактивті саябағы, шығармашылық студиялар.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында Астана қаласының негізгі көрнекті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Фестивальдің салтанатты жабылуы Форум-Фестивальге қатысушылардың гала-концертімен аяқталды.

Форум-Фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017