kz ru en
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының  ХIIІ республикалық   «Зерде» конкурсы жайлы ақпарат

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХIIІ республикалық «Зерде» конкурсы жайлы ақпарат

02-02-2018

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын  1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының  республикалық  Зерде» республикалық конкурсын өткізіп келеді.

Конкурсты өткізудің басты мақсаты- кіші  және орта жастағы мектеп оқушыларының  ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын артыру және интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Алғашқы мектепшілік кезеңіне білім ұйымдарынан 20453 оқушы қатысса, аймақтық кезеңіне  12678   оқушы шықты.

ХІІІ  республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңі 2018 жылдың  29-31 қантарда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру  орталығына өткізілді. Конкурсқа 328 жобамен 407 оқушы қатысты.  

Конкурс Ереже бойынша  8 секциядан тұрады

1 секция -  қазақ тілі және әдебиеті;

2 секция -  орыс тілі және әдебиеті;

3 секция - математика, информатика; 

4 секция - физика, техника; 

5 секция - химия, биология; 

6 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7 секция -  медицина,  психология;

8 секция -  экология, валеология.

Қазылар алқасы  құрамында  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің атақты ғалымдары мен Щучье қаласының педагогикалық колледжінің жоғарғы санатты мұғалімдері оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарын тыңдап конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Конкурстың жеңімпаздар мен жүлдегерлері  «Дарын» РҒПО I, II,III дәрежелі   дипломдарымен марапатталды. 

         I дәрежелі дипломдармен– 85 қатысушы

II дәрежелі дипломдармен  – 98 қатысушы

III дәрежелі дипломдармен– 129 қатысушы

Грамоталармен -  30 қатысушы. Барлық қатысушыларға конкурстың логатипі салынған футболкалар мен қатысқаны үшін сертфикаттар берілді. Конкурстың бағдарламасына байланысты қатысушыларға Щучье-Бурабай аймағына экскурсиялар жасалып, психологтармен тренинг өткізілді.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017