kz ru en
Қазақстан Республикасы  математика пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

15-02-2018

Математика мұғалімдеріне арналған қашықтық “ПедСтарт” математикалық  олимпиадасына республиканың 600 мыңнан астам мұғалімі қатысты.

Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді; компьютерлік ақпараттық технологиялар қажеттілігін жаңарту; дәстүрлі және компьютерлік оқыту әдістерін біріктіру арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Олимпиада кәсіби қоғамдастықта бәсеке жағдайындағы кәсіби «Мен» деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Математика бойынша “ПедСтарт” қашықтық олимпиадасының ережелерінде жеңімпаз және жүлдегерлер болып кімдер анықталады.

«Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді анықтаудың тәртібі» тарауында:

19. Олимпиадаға қатысу үшін алынатын баллдардың максималды саны 50 ұпайды құрайды (яғни әр дұрыс шешкен тапсырмаға 2 ұпай).

20. Олимпиаданың жеңімпаздары ең көп ұпай жинағандар, бірақ кемінде 46 ұпай.

21. Олимпиаданың жеңімпаздары кем дегенде 36 ұпай жинаған қатысушылар болып табылады.

Алайда, Сіздердің назарларыңызға жиналған баллдардың төмендігіне байланысты, 4 ақпандағы “ПедСтарт” жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорытынды хаттамаға (Хаттама қоса беріліп отыр) сәйкес бөлінгендігін жеткіземіз.  

40 баллдан жоғары балл жинаған қатысушылар Жеңімпаз атанады және I дәрежелі дипломмен марапатталады.

30-39 аралығында балл жинаған қатысушылар Жүлдегер атанады және II дәрежелі дипломмен марапатталады.

25-29 аралығында балл жинаған қатысушылар Жүлдегер атанады және III дәрежелі дипломмен марапатталады.

Сіздердің назарларыңызға I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталатын “ПедСтарт” жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қорытынды хаттамасын ұсынамыз!

Сонымен қатар, біз сіздерге “ПедСтарт” математикадан қашықтықтан олимпиадасының барлық қатысушыларының жалпы қорытынды хаттамасын ұсынамыз.

Біздің бәрімізге үйренуге, ұмтылуға бір нәрсе керек. Ойларымызды өзгерту арқылы біз өмірімізді де өзгерте аламыз. Жаңа олимпиадаларда кездескенше!!! Әр қатысушыға үлкен рахмет!!!    

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017