Іс-шаралар қорытындысы
16-11-2018

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІ Президенттік олимпиаданың қашықтықтан кезеңінің өткені жөніндегі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында Теміртау қ. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша  ХПрезиденттік олимпиада өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында өткізілді. Биылғы олимпиада, Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өтті.

10 жыл көлемінде 25 274 –тен астам түлек олимпиадаға қатысты.

Президенттік олимпиаданы өткізу мерзімінде дәстүрлі түрде ең жақсы деген көрсеткішті Алматы қаласы – 58, Астана қаласы – 38, Павлодар облысы – 30, «РФММ» КеАҚ - 28, Қарағанды облысы – 27 жеңімпаздар мен жүлдегер түлектер көрсетті. Ең жақсы мектеп – Алматы қаласының №90 мамандандырылған мектебінен – 17 түлек алдыңғы қатарлы жақын және алыс шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуда.

Олимпиаданың алғашқы аймақтық кезеңіне 2461 оқушы қатысты. Олимпиаданың тапсырмалар жиынтығы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес барлық пәндер бойынша өткізілді.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймақтарының 407 мектеп бітіруші on-line режимінде өткізілген олимпиаданың қашықтық кезеңіне қатысты. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 161 мектеп оқушылары қатысты.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша алтын медальдар және І дәрежелі дипломдармен 8 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдар және күміс медальдармен 12 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдар және  күміс медальдармен 18 қатысушы марапатталды.

Ең жоғары балл жинаған түлектер:

- Алматы қаласының №90 ФМЛ - Дошоклоев Магамед пен Омаров Эмиль;  

- Алматы облысы дарынды  балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі- Нүсіп Сұңқар;

  • Алматы облысы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі- Муслимов Темирлан;
  • Қостанай облысы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты - Кабенов Бекзат;
  • Қарағанды облысы №2 Абай атындағы мектеп-лицейі - Аманболды Алтын.

Фотографии:

1 2 3 4 5 7 6 8 9 10 11