Новости для учителей
10-01-2019

«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТЫ

Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін — әр ұстаз өз білімін заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, оның кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - түрлі кәсіби мәселелерді, тәжірибе, педагогикалық білім және құндылықтар негізінде міндеттерді шешу қабілеті болып табылады. Педагог түрлі іс-шараларға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу тәжірибесіне ие болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы ісшаралар жоспарына сәйкес 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру,  педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру.

Семинарға еліміздің әр аймағынан 160 жуық мұғалім қатысты. Семинарды Астана қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының үздік мұғалімдері Мәуіт Ырысбек, Табыс Нұрланбек, Қабілкәрім Есхат, Меллат Есбол өткізді. Семинар бағдарламасында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мұғалім тәжірибесін, білімін жетілдіру, олимпиадалық, логикалық есептерді шығару әдісін үйрету, «Бастау» олимпиадасында кездесетін есептерді шешу, тиімді тәсілдерді қолдану, қосынды және айырма мәселесі қамтылды.

Семинар аясында8 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті.Олимпиаданың мақсаты - бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Қатысушылар 120 астрономиялық минут (2 сағат) ішінде олимпиаданың тапсырмаларын орындады. Олимпиадасының бағалау көрсеткіші 100 ұпай.

Олимпиаданың мазмұны  3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде мұғалім жылдам жауап бере алатындай қысқа сұрақтар, логикалық есептер, мәтіндік есептер, ережелер болса, екінші бөлімде «Дұрыс жауабын таңдау сұрақтары» («Жабық тест»), Жауаптың 4-5 нұсқасы көрсетілген 10 сұраққа дейін кіргізілген тест тапсырмалары берілді. Үшінші бөлім «Есепте, дәлелде». Бұл бөлімде есептің шарты беріледі. Тапсырманың шешу барысы, жауабы толық жазылады. Тапсырмалар бастауыш сынып бағдарламасын негіз еткен олимпиадалық, логикалық есептер. Балрлық қатысушылар республикалық семинардың сертификатына ие болып, олимпиададан жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

expression

Файлы:

Фотографии:

фото фото фото фото фото