Новости для учителей
20-11-2019

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және жоғары сынып математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарының АҚПАРАТ ХАТЫ

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - түрлі кәсіби мәселелерді, тәжірибе, педагогикалық білім және құндылықтар негізінде міндеттерді шешу қабілеті болып табылады. Педагог түрлі іс-шараларға қатыса отырып, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу тәжірибесіне ие болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес "ZERDELI" ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе 6-8 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» және жоғары сынып математика пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиада есептерін шешу жолдары мен әдістері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарыларын өткізеді.

Семинарлардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру,  педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналғансеминар аясында 7 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық олимпиада өткізу жоспарланып отыр. Олимпиада-бұл әр қатысушыға өз білімдерінің әділ бағасын алуға ғана емес, пәндік құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін конкурс.

Олимпиаданың мақсаты - бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Қатысушы олимпиаданың тапсырмаларын орындайды. Олимпиадаға 120 астрономиялық минут (2 сағат) беріледі. Бағалау көрсеткіші 100 ұпай. Олимпиада Ережесіне сай:

8.1. Олимпиаданың мазмұны  3 бөлімнен тұрады:

І бөлім. «Бос орынды толтыр».

Бұл бөлімде мұғалім жылдам жауап бере алатындай қысқа сұрақтар, логикалық есептер, мәтіндік есептер, ережелер болады.

ІІ бөлім. «Дұрыс жауабын таңдау сұрақтары» («Жабық тест»). Жауаптың 4-5 нұсқасы көрсетілген 10 сұраққа дейін кіргізілген тест тапсырмалары беріледі. Қатысушы сол жауап нұсқаларының ішінен дұрыс жауабын таңдайды.

IІІ бөлім. «Есепте, дәлелде».

Есептің шарты беріледі. Тапсырманың шешу барысы, жауабы толық жазылады. Тапсырмалар бастауыш сынып бағдарламасын негіз еткен олимпиадалық, логикалық есептер болады.

Аталған іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №3 мектеп-гимназия базасында өтеді.

Мектеп–гимназияның мекен-жайы: Республика даңғылы 35,тел. +7(7172)501695, +7(7172)501696

Іс-шараға келу күні – 5 қаңтар, басталуы – 6 қаңтар сағ. 10.00-де, аяқталуы – 8 қаңтар (17.00-ден кейін).

Қатысушылар үшін «Турист» қонақүйінде орналасу қарастырылған. Екі орындық нөмірде тұру + таңғы ас құны тәулігіне бір адамға  6 500 (алты мың бес жүз) теңгені  құрайды.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Республика даңғылы 33, Абай көшесінің қиылысы. Тел. +7 (7172) 650 200, +7 (7172) 650 100

Іс - сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен (сұраныс үлгісі №1 қосымшада). Семинарға қатысушы әр педагог көрсетілген сілтеме бойынша жеке он-лайн тіркеуден өтуі тиіс http://tiny.cc/matemseminar

Семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 20 желтоқсанына дейін берілген үлгі бойынша e-mail-ға жіберуіңізді сұраймыз: gulden.berdenova.76@gmail.com.

Іс-шараларға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін 8(7172)29-49-98, ұялы телефоны арқылы хабарласуға болады: 8771 1008933, 87071078933, 87473288308

Қатысушының толық аты-жөні

(Құжат бойынша)

Облысы, мектебі

Жұмыс өтілі, санаты

Қатысушының байланыс телефоны

Қатысушының

Е-mail

 

Қонақ үйдің қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық оқу семинарына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен аудару қажет:

РЕКВИЗИТЫ:

РГКП РНПЦ «Дарын»

НАЗНАЧЕНИЕ:

(указать область, город, школу, ФИО)

БИН   990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК  HSBKKZKX

Астанинский Региональный филиал №119900

АО «Народный банк Казахстана» г. Астана

КБЕ16,   КНП 861

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - түрлі кәсіби мәселелерді, тәжірибе, педагогикалық білім және құндылықтар негізінде міндеттерді шешу қабілеті болып табылады. Педагог..." data-yashareLink="http://daryn.kz/blogs/view/4/2967" data-yashareL10n="ru" data-yashareType="none" data-yashareQuickServices="yaru,vkontakte,facebook,twitter,odnoklassniki,moimir">