новости
01-01-2019

2018-2019 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жинақтар

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент

қалалары білім басқармаларына

«Дарын»  аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарына

Республикалық білім беру ұйымдарына

ДББҰ «Назарбаев зияткерлік  мектептеріне»

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сіздің назарыңызға толықтырылып және қайта басып шығарылған келесі оқу-әдістемелік жинақтарды ұсынады:

1) Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар;

Гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық циклдері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының I – IV кезеңдерiн ұйымдастыру мен өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар;

Оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау бойынша арнаулы курстар бағдарламалары;

Қазақ және орыс тілдерінде жалпыбілім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына арналған тестілік сұрақтар (Қосымша 1).

Республикалық ғылыми жобалар конкурстары және Жалпыбілім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға тіркелген оқушылар саны бойынша тапсырыс берулеріңізді сұраймыз.

Шығарылған жинақтарды сатып алу бойынша сұрақтарға (87172) 29-50-31 телефон нөмері арқылы жауап ала аласыз.

2) Жинақтарды электронды баспа ретінде де алуға болады. Сондай-ақ,  Республикалық ғылыми жобалар конкурстарының I турының III (iрiктеу) кезеңiне ақылы дайындық сынақтардан www.daryn.kz сайтында оқушыларға арналған он-лайн олимпиадалар бөлімінде өтуге болады.

Орын.: Рахлетова А.Т. , тел.: 8(7172) 295266