5-11 сынып оқушылары арасында XVIII республикалық Абай оқуларын өткізу жөнінде ақпараттық хат

12-06-2017

Мектеп оқушыларының арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету мақсатында, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 11-13 қыркүйекте Семей қаласы,  Абай ауданы  «Абай  және Шәкәрім» мемориалдық  кесенесінде жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында XVIII республикалық Абай оқуларын  (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізеді.

Ережеге сәйкес (ереже www.daryn.kzсайтында) Абай оқулары               3 кезеңнен тұрады: аудандық(қалалық), облыстық, республикалық және          4 номинация бойынша өткізіледі:

1 номинация «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Бұл номинацияда қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет;

2 номинация  «Көңілім -  әнді ұғады»- Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау;

3 номинация «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы(өз шығармаларын орындау; өлең, ән, музыкалық шығармалар);

4 номинация  «Ұлылар әлемі» Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

2 кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық кезеңге төрт  номинация бойынша (әр номинацияға 1 оқушыдан) - 4 оқушы қатыса алады.  Абай оқулары Абай және Шәкәрім елінде өткізілетіндіктен, тек Абай ауданынан жеке команда болып 4  оқушы қатыса алады. Орыс тілінде оқитын оқушылар Абай және Шәкәрім шығармаларын қазақ тілінде орындайды. Қатысушылардың Семей қаласына келу күні – 11 қыркүйек  таңғы сағат - 08.00 дейін, қайту күні - 13 қыркүйек, сағат 12.00-де.

Қатысушылардың іссапар шығыны (барып-келу жолы, жетекшілердің жататын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ  республикалық кезеңге қатысу туралы сұранысты (4 оқушы мен 1 жетекші) ағымдағы жылдың 15 тамызға дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет. Сұраныс төменде көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мектебі

Оқу тілі

Облысы, қаласы, ауданы

Жетекші-мұғалімінің аты-жөні, жұмыс орны

Ұялы телефоны

Келіп-қайту кестесі (автобус, поезд, вагон №, уақыты)

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 А,  «Дарын» РҒПО; телефон  8(7172) 29 51 59;  87015339125,

сайт: www/daryn.kz;  эл.почта: z.amanova7@mail.ru; shafiz@mail.ru.

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы 8(7232) 751553; 87779968622