«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып, 2022 жылғы 10-12 наурыз аралығында дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша Халықаралық конкурсын офлайн форматта өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты: оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыру және алған матемаикалық білімін сынап, өз-өзін дамытуларына жағдай жасау.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен қатар алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын Орда» БО

Тел: +7 (7172) 570-160

 

Интеллектуалды конкурстың өту барысы мен жеңімпаздары жөнінде алдағы уақытта арнайы материалымызда жазатын боламыз.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында жыл сайын дәстүрге айналған Ө. Жолдасбеков атындағы математика әне механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсын еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан онлайн режимде өткізгенін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесі мен құрылымын жетілдіру болып табылады.

Биыл Конкурс Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Конкурсымыздың ашылу салтанатында  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы бастаған бірнеше академик, профессорлар делегациясы Ө.А.Жолдасбековтың өмірі, еңбек жолы жайлы еске алып, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, Халықаралық конкурстың қатысушыларына  құттықтау сөзі мен  «Дарын» РҒПО директоры Ақжол Аманжолұлы Боранбай  жалғастырыды.

Конкурсқа Түркия, Индонезия, Француз, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 166 жобамен 218 оқушы қатысты. Конкурстың қатысушылары Ережеге сәйкес математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғап, презентация жасады. Оқушылардың жобаларын қорғау барысындағы секция жұмыстары ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында YouTube каналдарында тікелей трансляциямен жүргізіліп отырды.

Қазылар алқасының құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің деканы Д. Б. Жакебаев бастаған оқытушы жас ғалымдардан құралды.

Конкурстың өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдарымен жалпы оқушы санының 45 пайызы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 15 жұмыспен 18 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 25 жұмыспен 31 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 34 жұмыспен 49 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамоталармен 16 қатысушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді. (Дипломдар мен медальдар Қазпочта қызметінің көмегімен өз елді-мекендеріне жеткізілетін болады).

Конкурстың ашылу салтанаты және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі бағдарламаға сәйкес ZOOM платформасында өтті және YouTube, Facebook каналдарында тікелей эфир жүргізілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (1-қосымша) осы хатқа қоса беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, жыл сайын дәстүрге айналып отырған отырған  Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша  ХІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс)  2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткізеді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесі мен құрылымын жетілдіру болып табылады. Конкурсқа жыл сайын Республикамыздың әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 150-ден астам талантты оқушылары келіп қатысуда.  Ал биылғы жылы еліміздегі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталмыш іс-шараны онлайн режимде өткізу жоспарлануда.

Конкурсқа Тәжікістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Франция, Индонезия және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғайды.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен қатар алтын, күміс және қола медальдарымен   марапатталады.

Конкурстың ашылу рәсімі 1 наурыз күні сағат 10.00-де қатысушылар мен қонақтардың ZOOM – конференциясына қосылуымен және YouTube/Facebook те тікелей хабар тарату арқылы  өткізіледі.

Жабылу рәсімі, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау – 3 наурыз күні сағат 17.00-де  YouTube каналында өткізіледі.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау» БО

Тел: 8 (7172) 29-51-59

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы №61 "Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша жыл сайынғы халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізу туралы" бұйрығын орындау барысында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында қашықтықтан ZOOM платформасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаты - математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Конкурстың   республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық  жеңімпаз-оқушылары  мен  шетел мектептерінің  ұлттық  ғылыми  жарыстарының  жеңімпаздары (математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секцияларына) қатыса алады.

Команда құрамы 8 оқушыдан тұрады. Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі республикалық білім беру ұйымдары мен өңірлік ғылыми-практикалық орталықтары, ДБҰ басшылары, білім саласында жетекшілік ететін шетелдік ведомстволары бекіткен қорытынды кезеңге сұранысты Конкурс Ережесі (қосымшаларда көрсетілген нысаналар бойынша) бойынша 2021 жылдың 18 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне  info@daryn.kz почтасына  жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Нұр-Сұлтан қаласы,  Республика дан., 34 «а», «Дарын» РҒПО

тел 8(7172) 29-51-59, e-mаil:project@daryn.kz