Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XІV Халықаралық олимпиадасының қорытындысы жайлы АҚПАРАТ

28-06-2017

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына  арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты

 XІV Халықаралық олимпиадасының қорытындысы жайлы

АҚПАРАТ

           

           Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің 2017 жылдың 23 мамырындағы № 236 бұйрығына сәйкес, шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-24 маусым аралығында Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп – интернатының базасында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі мен  Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайымен тұспа-тұс   «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына  арналған XІV Халықаралық олимпиадасын Ақтөбе қаласында өткізді.

            Олимпиаданың негізгі мақсаты қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру, мәдениетінің деңгейін көтеру және еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Олимпиадаға Иран мемлекетінен, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей Федерациясының Самара, Омбы қалаларынан оқушылар қатыстып, бақтарын сынады.  Олимпиаданың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Қазақстан Республикасның «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының («Дарын» РҒПО) директоры  Шолпан Ақашқызы Қирабаева құттықтау сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тіледі. Ана тіліміздің мерейін асқақтауға, мәртебесін көтеруге әрі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» бұған дейін Қазақстанның түрлі қалаларында өткізіліп келеді. Биылғы олимпиадаға 43 шетелдік оқушылар мен олардың жетекші ұстаздары қатысты.   

Олимпиадаға  Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбекұлы төрағалық етті. Қазылар алқасы мүшелері жоғары оқу орындарының  ғалымдары болды. Олимпиада аясында мәдени-танымдық бағдарламасына сәйкес қатысушыларға Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориялдық мұражайына барып, Әлияның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, Ақтөбе қаласының білім ордалары мен қала ішіндегі  көрнекті жерлерді  аралады.

            Олимпиаданың жабылу салтанаты елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен  өз жұмысын бастаған   Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайымен тұспа-тұс келгені шараға ерекше рең берді.

            Халықаралық олимпиада жеңімпаздары Ақтөбе облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен (планшет, ұялы телефон және монопод),   сонымен қатар әрбір қатысушы Ақтөбе облысы білім басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының естелік сувенирлерімен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар мен футболкалар берілді. Халықаралық олимпиаданың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлері анықталып төмендегі оқушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

І дәрежелі дипломдармен:

1. Жайдар Аманбек– 12 сынып, Қытай Халық  Республикасы;

2. Хасара  Нурлан - 10 сынып,  Монғолия Республикасы,  Баян -Өлгий  аймағы; 3.Нұрданбекұлы Жасар – 12 сынып, Қытай Халық  Республикасы;

 

ІІ дәрежелі дипломдармен:

1. Батысұлы Тілеубек – 12 сынып,  Қытай Халық Республикасы;

2. Ержанқызы Дина - 12 сынып, Қытай Халық Республикасы; 

3. Нұрланқызы Орал - 12 сынып,  Қытай Халық Республикасы; 

4. Абулкашова Даяна - 11 сынып, Ресей Федерациясы,    Омбы облысы; 

5. Ауган  Гүлмерей – 11 сынып, Монғолия Республикасы,  Баян -Өлгий  аймағы; 

6. Төлеухан  Ахерке – 10 сынып, Монғолия Республикасы,  Баян -Өлгий  аймағы.  

 

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

1.     Әмәлиатұлы  Арқалық – 12 сынып,  Қытай Халық Республикасы;

2.     Орынбайұлы Самғар – 12 сынып,  Қытай Халық Республикасы;

3.     Тұрсінұлы Шынарбек – 12 сынып,  Қытай Халық Республикасы;

4.     Қазақбаев Азизбек – 11 сынып, Өзбекстан Республикасы;

5.     Ахмедова Жадыра – 10 сынып, Өзбекстан Республикасы;

6.     Маханов Азат - 9 сынып, Өзбекстан Республикасы;

7.     Жиенбаев Нуркен – 9 сынып, Өзбекстан Республикасы;

8.     Жиенбаев Сұлтан – 8 сынып, Өзбекстан Республикасы;

9.  Күнтуган Ахжархын - 12 сынып,  Монғолия Республикасы,  Баян -Өлгий  аймағы;

10. Сайран Гүлдиалем - 11 сынып,  Монғолия Республикасы,  Баян -Өлгий  аймағы.

            Ерекше көзге түскен 11 оқушы  «Дарын» РҒПО-ның  номинацияларымен, 4 оқушы грамоталармен марапатталды. Халықаралық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 23 маусым күні сағат 17.00 Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінің  залында өткізіліп, олимпиадаға қатысушылар туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдіріп, өз өнерлерін паш етті. 

            Төрт  күнге созылған олимпиаданың шешуші бөлімі ретінде   10  оқушының Қазақстан жеріндегі жоғарғы оқу орнындарынан ана тілінде білім алуға мүмкіндік беретін ректорлық  грант алуы  болды. Олар:

1. Аманбек   Жайдар,   Қытай Халық Республикасы  - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

2. Ахжархын   Күнтуған,   Монголия  Республикасы - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

3. Әмәлиатұлы Арқалық, Қытай Халық Республикасы - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

4. Ержанқызы  Дина, Қытай Халық Республикасы - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

5.Нұрланқызы  Орал, Қытай Халық Республикасы - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

6. Қазақбаев  Азизбек,  Өзбекстан  Республикасы - Қ.Ясауи  атындағы қазақ – түрік  мемлекеттік   университеті;

7. Батысұлы  Тлеубек,  Қытай Халық Республикасы - Абай  атындағы  педагогикалық университеті;

8. Орынбайұлы Самғар, Қытай Халық Республикасы - Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе  өңірлік мемлекеттік университеті;

9. Нұрданбекұлы  Жасар, Қытай Халық Республикасы - Х.Досмұхамедов  атындағы Атырау  мемлекеттік  университеті;

10.Тұрсынұлы  Шынарбек, Қытай Халық Республикасы -  Ақтөбе облысы  әкімінің   гранты.

         Грант иегерлерін құттықтап,  иеленген гранттарының арқасында ата жұртында білім алып, болашақта Қазақстанның гүлденуіне еңбек ететініне сенеміз! Төрт күнге созылған олимпиада өз мәресіне жетті.

 

 

Зертхана жетекшісі – З. Аманова