ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2024 жылдың 21-22 қазан күндері Алматы облысының Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс». Сайысқа 36 жас ақын қатысып, өнерлерін көрсетті.
Жас ақындардың сайысына елімізге танымал айтыскер ақындар, жазушылар және журналистер төрелік етті. Қазылар алқасы суырыпсалмалық шеберлік, тақырыпты аша білу, сахна мәдениеті және өлең құрылымы бойынша 10 балдық жүйемен бағалады. Айтыс ашық түрде өтіп, барлық кезеңдерде ақындар жеребе арқылы анықталып, сөз сайыстырды.
«Тақырыптық айтыс» нәтижелері:

  • Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлде – Жамбыл облысынан келген Сейдакбарова Әсемай;
  • Үмбетәлі Кәрібаев атындағы арнайы жүлде – Абай атындағы РММИ оқушысы Кулахмет Елсияр;
  • ІІІ орын иегерлері: Шымкент қаласынан Мажит Аятулла, Алматы облысынан Асылбекқызы Диана, Астанадан Мақсұтқанова Айғаным;
  • ІІ орын иегерлері: Алматы қаласынан Сауытқан Айбарыс, Жетісу облысынан Жұмағазы Жайық;
  • І орын – Алматы облысынан Шәріпбай Балнұр;
  • Бас жүлде – Маңғыстау облысынан Байжігіт Бейбіт.
    «Қайым айтыс» нәтижелері:
  • Әлімқұл Жамбылов атындағы арнайы жүлде – Маңғыстау облысынан Сарсен Әли;
  • Есдәулет Кәндеков атындағы арнайы жүлде – Алматы қаласынан Құдайберген Аяжан;
  • ІІІ орын иегерлері: Жетісу облысынан Нурланханқызы Динара, Абай атындағы РММИ-ден Сезімхан Сырымбет, Павлодар облысынан Баршинбаев Мейржан;
  • ІІ орын иегерлері: Алматы облысынан Зинулла Ақнұр, Жамбыл облысынан Жаңабай Інжу;
  • І орын – Астана қаласынан Қайратұлы Абылай;
  • Бас жүлде – Атырау облысынан Ерсаинов Марсель.
    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық тағайындалды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!