2023-2024 оқу жылы
Республикалық кезең
Облыстық кезең
Аудандық кезең
2022-2023 оқу жылы
2021-2022 оқу жылы
Республикалық кезең
Облыстық кезең
2020-2021 оқу жылы
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдың 23 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Олимпиада үш кезеңде: мектепшілік, аудандық және қорытынды өткізілді. Мектепшілік кезеңде - 169840, аудандық кезеңінде – 34490 және қорытынды кезеңге 469 оқушы қатысты.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
I дәрежелі дипломдармен -52;
II дәрежелі дипломдармен -90;
III дәрежелі дипломдармен-110 қатысушы марапатталды. Барлығы 252 оқушы.
Атаулы дипломдарды 2021 жылдың 15 қаңтарында daryn.kz сайтынан жүктеп алуға болады
Құрметті жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ біздің бірегей балаларымызды дайындаған педагогтар!!! Олимпиадада қол жеткізген жетістіктеріңіз құтты болсын құттықтаймыз!