1-күн:
Секция Сілтеме
Математика, қолданбалы математика Қарау
Физика, космос Қарау
Химия, биология Қарау
Информатика, робототехника STEM инженерия Қарау
Туризм және спорт Қарау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО бастауыш және орта сынып оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында Ақмола облысындағы Бурабай курортының баурайында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткізеді.

Конкурстың секциялары: математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия.

Конкурсқа келу күні: 2024 жылғы 21 ақпан сағат 12.00-ден кейін.

Зерттеу жұмыстарын қорғау: 2024 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де басталады.

Конкурстың салтанатты жабылуы: 2024 жылғы 24 ақпанда сағат 10.00-де.

Қатысушылардың қайтуы: 2024 жылғы 24 ақпан сағат 15.00-ден бастап.

Конкурстың қорытынды кезеңіне әр секция бойынша жас ерекшелігіне сәйкес (кіші жастағы топ 2-4 сыныптар, орта жастағы топ 5-7 сынып) облыстық кезеңде 1-ші орын алған топтық және жеке зерттеу жобаларымен жас зерттеушілер келіп қатысады. Әр облыстан екі жетекші мен бір медбике ұсынылады. Ата-аналар мен өзге тұлғалар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурс қатысушыларының жалпы санынан 60% марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Сондай-ақ барлық оқушыға қатысушы сертификаттары мен брендтелген футболкалар беріледі.

2024 жылғы 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш және орта сынып оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан «Щучинский» шипажайының базасында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) қоғамдық-гуманитарлық  бағыт бойынша өткізді.

 

Конкурста қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; медицина, психология, экология; технология және өнер секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.

 

Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО мектептерінен 369 оқушы қатысып қазылар алқасының шешімімен 289 жүлделі орынмен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 42, ІІ дәрежелі диплом – 63, ІІІ дәрежелі диплом – 104, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.

 

Естеріңізге салатын болсақ, Конкурстың аудандық кезеңіне 27 071 зерттеу жобамен 31 340 бала қатысса, облыстық кезеңге 6 472 жұмыспен 7 568 оқушы қатысқан болатын.

 

Конкурс аясындағы мәдени бағдарлама Бурабай курортының тамаша жерлеріне экскурсиямен қатар, жас зерттеушілер үшін психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар мен ойын-сауықтарды қамтыды. Бұл саяхат Абылай ханның шыбындығы, Окжетпес тауы және Жұмбақтас шағылы сияқты аймақтың танымал көрікті орындарын көрсетіп, балаларға Қазақстанның табиғи және мәдени байлығын танытуға мүмкіндік берді. Бұл іс-шаралар олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері мен өзара қарым-қатынас және командалық жұмыс дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.

Жүлдегерлер тізімі

1-күн:
Секция Сілтеме
Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау
Орыс тілі мен әдебиеті Қарау
Ағылшын тілі Қарау
Тарих, өлкетану Қарау
Этномәдениеттану Қарау
Медицина, психология, экология Қарау
Технология және өнер Қарау
2-күн:
Секция Сілтеме
Қазақ тілі мен әдебиеті Қарау
Орыс тілі мен әдебиеті Қарау
Ағылшын тілі Қарау
Тарих, өлкетану Қарау
Этномәдениеттану Қарау
Медицина, психология, экология Қарау
Технология және өнер Қарау

Ағ.ж. 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Щучинск қаласының «Щучинский» шипажайында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарыс басталады.

Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 303 жұмыспен 368 қатысушы бәсекеге түседі.

Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер секциялары бойынша өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Барлық оқушыға қатысушы сертификаттары мен естелік сыйлықтар беріледі.

Айта кететін жайт, конкурстың аудандық кезеңіне 20 071 жобамен 31 340 оқушы қатысса, облыстық-іріктеу кезеңге 6 472 жобамен 7 568 оқушы жарысты. Финалға бірінші орын иегерлері жолдама алды.

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 60%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Сондай-ақ, барлық оқушыға қатысушы сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталады.

Айта кетсек, конкурстың аудандық кезеңіне 20 071 жобамен 31 340 оқушы қатысып, облыстық-іріктеу кезеңде 6 472 жобамен 7 568 оқушы өзара жарысты. Финалға бірінші орын иегерлері жолдама алды.

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен  оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2023 жылдың 15-19 наурыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XVIII  республикалық конкурсын өткізді.

12 секция бойынша қатысқан оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің, А.Қ.Құсайынов атындағы ғалым-профессорлары мен қатар «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының, Щучье қаласының педагогикалық колледжінің және Астана қаласының медициналық колледжінің жоғары санатты 37 аға оқытушылары тыңдап бағалады.

 

Конкурстың қорытындысы бойынша Бас жүлде – 16 жеңімпазға, 52 жобамен 1 дәрежелі диплом – 63 оқушыға, 78 жобамен 2 дәрежелі диплом – 94 жүлдегерге, 133 жобамен 3 дәрежелі диплом – 155 оқушыға, грамота – 86 қатысушыға табысталды.

Ең үздік жұмыстар легінің кейбіреуін атай кетсек:

Физика и Космос секциясы бойынша Алматы облысынан 2 орын алған оқушы жұмысында тасымалданатын, күн сәулесінен энергия алатын құрылғы жасаған. Бұл құрылғы тек макет емес, толық жұмыс жасайды және 5-6 телефонды зарядтауға мүмкіндік береді.

Басты жүлде ұтқан "Баламалы энергия көздерін өндіру" тақырыбы да өте ауқымды. Жан жақты толық зерттелген.

"Медицина, психология, экология" секциясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан "Вейп - жаңа заман ойыншығы ма, әлде қайтымсыз денсаулық па?" деген тақырыпта оқушы жұмысы өте күрделі сұрақтарға шешімдер тапты және бас жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, «Русский язык и литература» секциясында «Сказочные сюжеты русской и мировой литературы как средство толкования "Слов назидания Абая", ШҚО, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Естеріңізге салсақ, республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО мектептерінен 2-7-сынып оқушылары арасында 600-ге жуық қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Секция Ссылка
Медицина, Психология, экология https://youtube.com/live/1CZVgVXTMA0?feature=share
Физика, Космос https://youtube.com/live/UNUamRpM8CQ?feature=share
Математика, Қолданбалы математика https://youtube.com/live/O56-rNm5xg4?feature=share
Этномәдениеттану https://youtube.com/live/BOePKcHt16k?feature=share
Қазақ тілі мен Әдебиеті https://youtube.com/live/huTe2h4_Fn4?feature=share
Ағылшын тілі https://youtube.com/live/PGdQewRmCHc?feature=share
Туризм және спорт https://youtube.com/live/GCZtt5Ok__E?feature=share
Технология және Өнер https://youtube.com/live/mUugTyXMHm8?feature=share
Русский язык и литература https://youtube.com/live/wzqJsRc5nsk?feature=share
Тарих, Өлкетану https://youtube.com/live/zQlL3a_xp4k?feature=share
Информатика, Робототехника, STEM Инженерия https://youtube.com/live/hE8NOePxF5c?feature=share
Биология, Химия https://youtube.com/live/Wl8Ktmrbiq0?feature=share

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен  оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2023 жылдың 29-31 қаңтар аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XVIII  республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді. Конкурсқа келу күні – 2023 жылдың 29 қаңтарында сағат 11.00-ге дейін. Конкурстың салтанатты ашылуы – 29 қантар сағат 12.30-да. Зерттеу жұмыстарын қорғау 14.30-дан басталады. Конкурстың салтанатты жабылуы – 31  қаңтар сағат 11.00-де.

Қатысушылар 31 қаңтарда сағат 14.00-ден кейін кері қайта алады.

Конкурстың қорытынды кезеңіне әрбір секция бойынша 1 ғылыми-зерттеу жобасымен жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, орта жастағы топ – 5-7 сынып) іріктеу кезеңінде 1-ші орын алған жеңімпаздар және олардың жанына ілесіп жүретін әр аймақтан бір жетекші ұсынылады. Ата-аналар жіберілмейді.

Конкурстың I, II кезеңінің қорытындысы бойынша есепті және қорытынды кезеңге өтінімді ұйымдастыру комитетіне облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары, ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері», Республикалық білім беру ұйымдары 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін  e-mail: info@daryn.kz  жіберу қажет.

Конкурстың ережесі, хаттама, есеп және өтінім формасы (1,2 қосымша) www.daryn.kz сайтында орналасқан. Сонымен қатар, өтінімде команданың келу және қайту кестесін көрсету қажет. Іссапар шығыстары (тамақтануы мен жатын орны бір күнге – 13000 тг., трансфер - 650 тг. және екі жаққа келу/кету жол билеттері) жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

«Дарын» РҒПО 2022 жылдың 9-11 ақпан күндері аралығында
Щучье қаласы “Балдәурен” РОСО базасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңін өткізді. Қорытынды кезеңге 361 зерттеу жобасы іріктеліп алынып, 423 оқушы білім додасында бақтарын сынады.

Конкурс 9 секция бойынша өткізілді:
1 секция – қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция – математика, информатика;
4 секция – физика, техника;
5 секция – медицина, психология;
6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7 секция – химия, биология;
8 секция – экология, валеология;
9 секция – робототехника.

Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Қазылар алқасы қатысушылар білімінің жоғары деңгейін атап өтіп, оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік маңыздылығына оң баға берді. Конкурсқа қатысқан оқушылардың барлығы жобаларын жоғары деңгейде қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде- 12 оқушы;
I дәрежелі – 49 оқушы;
II дәрежелі – 65 оқушы;
III дәрежелі – 106 оқушы дипломдарымен, 87 оқушы грамоталармен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Зерде қорытындысы - 2022

Бастауыш және орта буынды оқушылардың  интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен  оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2022 жылдың 9-11 ақпан айында «Балдәурен» республикалық оқу-сауық орталығының (Ақмола облысы, Щучье қаласы)   базасында оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары XVII  республикалық «Зерде» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) келесі секция бойынша өткізеді.

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция – орыстілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция – химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология;

9 секция - робототехника.

Конкурсқа келу күні – 2022 жылдың 9 ақпанында  сағат 12.00 дейін.  Конкурстың салтанатты ашылуы –  9 ақпан  сағат 15.00-де.  Зерттеу жұмыстарын қорғау 16.00-де басталады. Конкурстың салтанатты жабылуы – 11 ақпан сағат 11.00-де.  Қатысушылар 11 ақпаннан бастап сағат 14.00-ден кейін қайта алады.

Конкурстың қорытынды кезеңіне әрбір секция бойынша 1  ғылыми-зерттеу жобасымен  жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ – 2-4 сыныптар, орта жастағы топ – 5-7 сынып) іріктеу  кезеңіне 1-ші орын алған жеңімпаздарынан  құралған құрама командалары мен әр топтан бір жетекші ұсынылады. Ата-аналар жіберілмейді.

Конкурстың I, II кезеңінің қорытындысы бойынша есепті және қорытынды кезеңге өтінімді ұйымдастыру комитетіне облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары, ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері», Республикалық білім беру ұйымдары   2022  жылдың 15  қаңтарына дейін  e-mail: info@daryn.kz  жіберу қажет.

Конкурстың ережесі, хаттама формасы, есеп және өтінім www.daryn.kz сайтында (1,2 қосымша) орналасқан. Сонымен қатар, өтінімде команданың келу және қайту кестесін көрсету қажет. Іссапар шығыстарын (тамақтануы мен жататын орны бір күнге – 12500 тг., трансфер - 500 тг.  және екі жаққа келу/кету жолы) жіберуші жақ есебіне жатқызылады.

Қосымша

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы  8, тел 8(7172) 570160,

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық «Зерде» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурсты қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.

Конкурс 3 кезең бойынша өткізіледі:

1) бірінші кезең (мектепішілік) – білім беру ұйымдарында өткізіледі;

2) екінші кезең (облыстық, іріктеу) – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдары а.ж. 12 қаңтарына дейін өткізу қажет;

3) үшінші қорытынды кезең (республикалық)2021 жылғы 26-29 қаңтарда өткізіледі.

Конкурс қатысушылары 9 секция бойынша ZOOM платформасында өз жұмыстарын қорғайтын болады:

  • 1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 2 секция - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
  • 3 секция - математика, информатика;
  • 4 секция - физика, техника;
  • 5 секция - медицина, психология;
  • 6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
  • 7 секция - химия, биология;
  • 8 секция - экология, валеология;
  • 9 секция – робототехника.

Конкурстың қатысушылары 2-7 сынып оқушылары болып табылады.

Қатысушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарының электрондық нұсқасын, сонымен қатар, Конкурстың бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары бойынша хаттамалары мен есептерін z.amanova@mail.ru және үшінші кезеңге қатысу туралы сұраныс хатты (конкурстың қорытынды кезеңіне әрбір секция бойынша 1 ғылыми-зерттеу жобасымен жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ-1-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-7 сынып) іріктеу кезінің 1 орын алған жеңімпаздары болуы тиіс) 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің info@daryn.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Конкурстың ережесі, хаттама, есеп пен өтінім беру нысандары www.daryn.kz сайтында (1,2 қосымша) орналасқан.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, қаңтар айының 26-28 күндері аралығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVI республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс ) алғаш рет қашықтықтан онлайн режимде өткізілгенін хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан ZOOM платформасының көмегімен 9 секция бойынша онлайн режимде ұйымдастырылды:

1 секция –  қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция –  орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3 секция – математика, информатика;

4 секция – физика, техника;

5 секция – медицина, психология;

6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7 секция –  химия, биология;

8 секция –  экология, валеология;

9 секция – робототехника.

Конкурс Ережеге сәйкес 3 кезең бойынша өткізілді: аудандық, облыстық – іріктеу, республикалық-қорытынды.

Республика бойынша жалпы аудандық кезеңге 11928 жобамен 15917 оқушы (оның ішінде 6772 оқушы ауылдық жердің оқушылары)  қатысып 8995 оқушы жеңімпаз атанса, облыстық-іріктеу кезеңге 4728 жобамен 5168 оқушы (оның ішінде 2002 оқушы ауылдық жердің оқушылары) қатысып 2409 оқушы жеңімпаз атанды.

Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО мектептерінен 340 жобамен 398 оқушы (оның ішінде 125 оқушы ауылдық жердің оқушылары) бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Республикалық конкурстың ашылу және жабылу салтанаты бағдарламаға сәйкес онлайн режимде ZOOM платформасының көмегімен өтті.

Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің, «Астана» халықаралық университетінің ғалым-профессорлары мен қатар «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының, Щучье қаласының педагогикалық колледжінің және Нұр-Сұлтан қаласының медициналық колледжінің жоғары санатты аға оқытушылары тыңдап бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 210 оқушы 166 жоба қорғап «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 38 жұмыспен 52 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 54 жұмыспен 69 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 74 жұмыспен 89 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамоталармен 62 қатысушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді.

"Зерде" XVI республикалық конкурсының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі