Уақыт үнемі шығармашыл ізденісте жүретін жоғары кәсіби білікті мұғалімді қажет етеді.

Шығармашылық сайыстарға қатысу мұғалімдердің өзін-өзін ашуға мүмкіндік береді, шығармашылық жұмысқа ынталандырады, мұғалім беделінің өсуіне ықпал етеді, кәсіби даму, инновациялық тәжірибені тарату үшін қолайлы мотивациялық орта жасайды, кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, “Математикалық регата” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада а.ж. 29-30 наурызында Атырау қаласында өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатыса алады. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.

Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады.

Олимпиаданың Ережесі мен ақпараттық хаты  www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Іссапар шығындары (жолы, тамағы, тұруы, ) жіберуші жақтың есебінен

Олимпиадаға келу күні – 28 наурыз, аяқталуы – 30 наурыз (сағат 15.00-ден кейін).

Әр қатысушыға 10 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/MatemRegata2022 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Олимпиада қатысушылары үшін «ATB Grand Hotel» қонақ үйінде тұру қарастырылған, тұру құны бір адамға тәулігіне екі орындық нөмірде 15 000  теңге + таңғы ас пен кешкі ас қарастырылған.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 111.

Олимпиада Атырау қаласы Білім бөлімінің «Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының базасында өтеді. Мекенжайы: Әбілхайырхан даңғылы, 58.

Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылады.

Олимпиадаға қатысу туралы командалардың сұранысын (ББ басшысымен бекітілген) а.ж. 10 наурызына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8  тел.: 8/7172/ 57-01-42, e-mail: sairanbb181@gmail.com, ұ.тел.  87013358413 (Сайран Бәкенұлы).

Қатысушының аты-жөні Облысы Команда аты Жұмыс орны Еmail Қонақ үй қажеттілігі, байл.тел.