2022 жылдың 15-16 наурызында Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы өтіп, оған елдің әр өңірінен 131 білімпаз қатысып, бабы мен бағын сынады.

 

Білім бәсекесіне әлемнің 38 елі: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан Корея, Кыргызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пакистан, Панама, Перу, Филиппины, Пуэрто-Рико, Катар, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Таджикистан, Тайланд, Тринидад және Тобаго, Түркменстан, АҚШ, Гондурас, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия, Уругвай және т.б озат оқушылары офлайн форматта қатысты.

Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру комитеті барлық елдегі қатысушыларға бір уақытта тапсырма беріп, үздіктерді анықтады.

Биылғы олимпиадада қазақстандық талапкерлер жоғары көрсеткіш көрсетті. Атап айтар болсақ, 131 олимпиадашының 40-ы жүлделі орыннан көрінді. Оның 5-і бірінші орын, 13-і екінші орын, 22-і үшінші орын алды.

Халықаралық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласындағы қос білім ордасы – РФММ оқушысы Тамерлан Бурамбаев мен халықаралық «SPECTRUM» мектебінің оқушысы Фетхуллах Сам алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы РФММ оқушысы Райымбек Байшуақ, Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Жан Даутов, Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Рахим Баймурзин үздіктер қатарынан көрінді.

Орын алған мектептерді саралайтын болсақ, Алматы қаласында – 16, Нұр-Сұлтан қаласында – 14 білім ордасының тәлімгері жүлделі орын алды. Бұл қатарда Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары ерекшеленді.

Алматы қаласындағы РФММ математика пәнінің мұғалімі Медеубек Аманкелдіұлы математикалық бағыттағы халықаралық олимпиада жоғары деңгейде өткенін атап айтты.

– Қазақ ұлтты ежелден математика, логика ғылымында жүйрік екенін білеміз. Ғылым саласында өзіндік ізі қалған Әл-Фараби соның айқын дәлелі болады. Өткен жылы қазақстандық оқушылар 3 алтын медаль алса, биыл оның саны 5-ге жетті, – дейді Медеубек Аманкелдіұлы.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпаратты https://daryn.kz/ сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстан бойынша АТМО-2022 үйлестіруден кейінгі нәтижелері

7 марта 2022 года в офлайн режиме будет проведена XXXIV Международная дистанционная Азиатско - Тихоокеанская математическая олимпиада (далее - АТМО) в городе Алматы на базе механико-математического факультета Казахского Национального Университета имени аль-Фараби (далее- КазНУ).

В АТМО в 2022 года ожидается участие школьников из 38 стран: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Япония, Казахстан, Корея, Кыргызстан, Малайзия, Мексика, Новая Зеландия, Пакистан, Панама, Перу, Филиппины, Пуэрто-Рико, Катар, Россия, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Таджикистан, Тайланд, Тринидад и Тобаго, Туркменистан, США, Гондурас, Южная Африка, Турция, Уругвай. Официальный сайт АТМО: https://www.apmo-official.org/regulations,

Региональные оргкомитеты стран-участниц предварительно получают от соответствующих координационных комитетов условия задач, критерии оценивания и самостоятельно проводят олимпиады в своих странах в одно и то же время. Ежегодные заседания стран-участниц этих олимпиад проходит во время проведения Международной математической олимпиады (IMO). Дистанционная форма проведения олимпиад позволяет большому количеству школьников принять участие в этих престижных международных соревнованиях.

От Казахстана в АТМО примут участие 136 школьников, победители и призеры областного и заключительного этапов республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам и республиканской юниорской олимпиады по предметам естественно-математического направления для учащихся 7-8 классов 2020-2021 уч. года по предмету «Математика».

9 марта будет проведена координация работ в офлайн режиме также в КазНУ. Отличие координации от апелляции в том, что члены жюри обсуждают баллы участников не с самими участниками, а с руководителем команды. Итоги олимпиады будут подведены после завершения координации.