Бүгін 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XV республикалық математикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 117 оқушы қатысты.

Турнирдің 3 тур бойынша өткізілді:

1 тур – «Әу, баста»;

2 тур – «Асық»;

3 тур – «Математикалық бәйге».

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ШҚО-ның жас математиктері Бас жүлде мен Турнир Кубогын жеңіп алды.

1 орын – Павлодар облысы, Алматы қаласы;

2 орын – Нұр-сұлтан Қ. (қаз), «НЗМ» ДББҰ, РФММ (қаз/орыс);

3 орын – Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы (орыс).

Жеке есепте 1 орын – 11 оқушыға, 2 орын – 19, 3 орын 31 оқушыға бұйырды.

Құттықтаймыз!

Жүлдегерлер тізімі

Хаттама

===== WWW.DARYN.KZ =====

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2022 жылғы 6-10 маусым күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларының арасында XV республикалық математикалық «Бастау» турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді.

Турнир екі кезең бойынша өтеді:

  1. Облыстық (іріктеу) кезеңі;
  2. Республикалық (қорытынды) кезеңі.

Турнирдің республикалық (қорытынды) кезеңі Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында офлайн режимде өтеді.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр командада үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.

Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 тур – «Асық» (командалық сынақ);

3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қатысушылар мен жетекшілердің іс-сапар шығындары (жатын орны мен тамақтануы тәулігіне 6000 теңге, екі жаққа жол жүру билеттері) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Турнирге келу күні – ағымдағы жылдың 6 маусым сағат 13.00-ге дейін, кері кету күні – а.ж. 10 маусым жабылу салтанатынан кейін.

Турнирдің ашылу салтанаты – 6 маусым сағат 15.00-де, жабылу салтанаты – 10 маусым сағат 10.00-де.

Турнирге қатысу үшін 2022 жылдың 27 мамырына дейін өңірлер өтінімді info@daryn.kz электрондық поштаға жіберу арқылы төмендегі нысанға сәйкес қатысуды растауы қажет.

 (Нысан)

№ ком. Аты-жөні Сыныбы Оқу тілі Мектебі, елді мекені Облысы Оқушыны дайындаған жетекшінің толық аты-жөні
             

Турнирді өткізу туралы ереже мен ақпараттық хат www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты  15-19 маусым күндері аралығында онлайн режимде 2-4 сынып оқушыларына арналған XIV республикалық «Бастау» математикалық турнирін өткізгендігін хабарлайды.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 2-4-сынып оқушылары арасында 144 қатысушы бәсекеге түсіп, 48 команда бақтарын сынады.

Турнирдің республикалық кезеңі stepik.org. платформасында онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:

  • «Әу, баста» (командалық есеп);
  • «Асық» (командалық есеп);
  • «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін Турнир өткен платформада турдың нәтижелері жарияланып отырды.

Жеке сынақ бойынша 66 оқушы «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде 9 оқушы - І дәрежелі дипломға, 23 оқушы - ІІ дәрежелі дипломға, 34 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Командалық сынақтың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 22 команда анықталды, оның ішінде 4 команда І дәрежелі дипломдармен, 6 команда ІІ дәрежелі дипломдармен, 11 команда ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз команда Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназия Бас-жүлдемен марапатталды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдарын және қатысушылар турнирге қатысқанын растайтын сертификаттарын www.daryn.kz сайтынан жүктей алады.

Командалық сынақтың жүлделі орындары:

І орынға – Жамбыл облысындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы, Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы, ШҚО, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы ие болды.

ІІ орынды – Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Исатай Тайманов атындағы гимназиясы, Павлодар облысындағы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп лицейі, Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясы, «НЗМ» ДББҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі иеленді.

ІІІ орынды –Ақмола облысының Әл-Фараби атындағы IT лицейі, Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектеп-гимназиясы, Қарағанды облысындағы №95 мектеп-гимназиясы, Қызылорда облысының №47 және №14 мектептері, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы, Қостанай облысындағы Горький атындағы гимназия, Шығыс Қазақстан облысының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық лицейі, Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейі, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі иеленді.

Турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі (1 қосымша) қоса беріледі.

1 қосымша

командалық рейтинг

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында  2-4 сынып оқушыларының арасында XІV республикалық «Бастау» математикалық турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир онлайн режимде өтеді.

Турнирдің негізгі мақсаты бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады.

Турнир екі кезең бойынша өтеді:

  1. Облыстық (іріктеу) кезеңі;
  2. Республикалық (қорытынды) кезеңі.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.

Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 тур – «Асық» (командалық сынақ);

3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.

№ команда Аты-жөні Сыныбы Оқу тілі Мектебі, елді мекені Облысы Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы

Турнир өткізу туралы Ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Тізім

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында 2021 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларының арасында XІV республикалық математикалық «Бастау» турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн режимде өтеді.

Турнир екі кезең бойынша өтеді:

  1. Облыстық (іріктеу) кезеңі;
  2. Республикалық (қорытынды) кезеңі.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда - қазақ тілінде, екінші команда - орыс тілінде) қатыса алады.

Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» ДББҰ, Республикалық физика-математика мектептерінен және жеке меншік мектептердің республикалық қауымдастығынан командалар қатысады. Әр команда үш оқушыдан болуы тиіс: 4 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 2 сыныптан - 1 оқушы.

Турнирдің республикалық кезеңі үш тур бойынша өтеді:

1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 тур – «Асық» (командалық сынақ);

3 тур – «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Турнирге қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 1 маусымына дейін мына электрондық поштаға info@daryn.kz төмендегі формада толтырып жіберу қажет.

 

№ команда Аты-жөні Сыныбы Оқу тілі Мектебі, елді мекені Облысы Жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс нөмірі электрондық почтасы