2024-2025 оқу жылы
Облыстық кезең
Қорытындысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің тестілеу туры (әрі қарай - Тестілеу) ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні республиканың барлық облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, «Республикалық физика-математикалық мектептері» КеАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нда бір уақытта, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өкілдерінің бақылауымен санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары сақтала отырып өткізілді.
Тестілеу қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.03.2012 жылғы №99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес бейіндік пәндер бойынша өтті.
Тест тапсырмалары күрделілігіне байланысты 3 деңгей бойынша құрастырылған, тест тапсырмаларының саны – 60, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат берілді.
Облыстық кезеңнің екінші турына 3 330 жобамен 4 136 оқушы ұсынылды. Тестілеуге жалпы 3 193 жобамен 3973 оқушы қатысты (2023 ж. - 2954 жобамен 3 869 оқушы), оның ішінде командалық – 779 (2023ж. – 776).
Тестілеу joba.daryn.kz платформасының базасында Safe Exam Browser арқылы онлайн форматта 2 лек бойынша өтті.
Ережеге сәйкес, ғылыми жобаларын сараптау кезеңіне тестілеуден кемінде 50% балл жинаған қатысушылар жіберіледі (барлығы 120 балл). Топтық жұмыс келесі кезеңге өту үшін жұмыс авторларының жинаған орташа арифметикалық балы шектік балл болып табылады.
Қатысушылардың 50% балл жинаған санының төмендігін ескере отырып, сегіз секция бойынша шектік балл төмендетілді: "Жер және ғарыш туралы ғылым" - 50 балл, «Техника» - 55 балл, «Математика» - 55 балл, "Қолданбалы математика" - 55 балл, "Экономика" - 55 балл, «Этномәдениеттану» - 45 балл, «Тарих» - 55 балл, «Адам және қоғам» - 55 балл.
2023-2024 оқу жылы
Республикалық кезең
2-күн: тікелей көрсетілім
2-күн | |
Камера № | Сілтеме |
1 | https://youtube.com/live/3yrZkbh2f1E?feature=share |
2 | https://youtube.com/live/hq3Mc2zffXk?feature=share |
3 | https://youtube.com/live/RTsMsN0ceNk?feature=share |
4 | https://youtube.com/live/S7KbDueZhOo?feature=share |
5 | https://youtube.com/live/2t-y3oclOFo?feature=share |
6 | https://youtube.com/live/khIx37ONDyk?feature=share |
7 | https://youtube.com/live/eIsk29r4VlY?feature=share |
8 | https://youtube.com/live/w_zcioaQYPM?feature=share |
9 | https://youtube.com/live/RCZzujS5n14?feature=share |
10 | https://youtube.com/live/unyG3LVs0q4?feature=share |
11 | https://youtube.com/live/k5E2VQr4BOs?feature=share |
12 | https://youtube.com/live/lBBlKknEIrc?feature=share |
13 | https://youtube.com/live/NFHXtCKMtMg?feature=share |
14 | https://youtube.com/live/XWprbEqBVFk?feature=share |
15 | https://youtube.com/live/vnZioKrcE_s?feature=share |
16 | https://youtube.com/live/J4nYbdkX9tk?feature=share |
17 | https://youtube.com/live/ujpXzYpSLsA?feature=share |
18 | https://youtube.com/live/tLKVQ6sUaOk?feature=share |
19 | https://youtube.com/live/X2zKkk6LgbQ?feature=share |
20 | https://youtube.com/live/MthCVbSPKrw?feature=share |
Төртінші қорытынды кезең бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) төртінші қорытынды кезеңі 2024 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында Тараз қаласында өткізіледі.
Конкурсқа келу күні – 26 ақпан, сағат 12.00-ден бастап, қатысушылардың кері қайту күні – 1 наурыз, сағат 14.00-ден кейін.
Ғылыми жобаларын қорғау күндері 27-28 ақпан сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Конкурстың салтанатты жабылуы – 1 наурыз, сағат 10.00-де.
Облыстық кезең
Үшінші кезең – жаратылыстану математикалық бағыт пәндері бойынша ғылыми жобаларға сараптама қорытындысы туралы ақпарат
ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 308 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (әрі қарай - РҒЖК) үшінші кезеңіне қатысушылардың жаратылыстану математикалық бағыт пәндері (әрі қарай - ЖМБ) бойынша ғылыми жобаларға сараптама 2024 жылғы 4-29 қаңтар аралығында жүргізілді.
Жалпы сараптамаға жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша – 715 жоба (929 қатысушы), оның ішінде командалық – 216 жоба (432 қатысушы) жіберілді.
РҒЖК үшінші кезеңі – сараптама қорытындысы бойынша ЖМБ пәндері бойынша РҒЖК төртінші кезеңіне – 442 жоба өтті (ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 398 бұйрығы бйынша – 455 жоба) келесі секциялар бойынша:
1. Биология - 66 жобаның – 50, оның ішінде топтық - 10 жоба
2. Жер және ғарыш туралы ғылым - 36 жобаның – 34, оның ішінде топтық - 11 жоба
3. Информатика - 169 жобаның – 50, оның ішінде топтық - 17 жоба
4. Қолданбалы математика - 47 жобаның - 43, оның ішінде топтық - 14 жоба
5. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау – 56 жобаның - 42, оның ішінде топтық - 13 жоба
6. Математика - 68 жобаның - 49, оның ішінде топтық - 21 жоба
7. Техника – 45 жобаның - 45, оның ішінде топтық - 16 жоба
8. Физика – 66 жобаның - 44, оның ішінде топтық - 14 жоба
9. Химия - 117 жобаның - 47, оның ішінде топтық - 11 жоба
10. Экономика - 45 жобаның - 38, оның ішінде топтық - 16 жоба
Қосымша: РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне өткен қатысушылардың тізімі
Облыстық кезеңнің тестілеу қорытындысы туралы ақпарат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің тестілеу туры (әрі қарай - Тестілеу) ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні республиканың барлық облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, «Республикалық физика-математикалық мектептері» КеАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нда бір уақытта, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өкілдерінің бақылауымен санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары сақтала отырып өткізілді.
Тестілеу қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.03.2012 жылғы №99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес бейіндік пәндер бойынша өтті.
Тест тапсырмалары күрделілігіне байланысты 3 деңгей бойынша құрастырылған, тест тапсырмаларының саны – 60, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат берілді.
Тестілеуге 2891 жобамен 3619 оқушы қатысты (жаратылыстану математикалық бағыт бойынша - 1582, қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша - 1290), сонымен қатар командалық жоба – 715.
Тестілеу joba.daryn.kz платформасының базасында Safe Exam Browser арқылы онлайн форматта 3 лек бойынша өтті.
Ережеге сәйкес, ғылыми жобаларын сараптау кезеңіне тестілеуден кемінде 50% балл жинаған қатысушылар жіберіледі (барлығы 120 балл). Топтық жұмыс келесі кезеңге өту үшін жұмыс авторларының жинаған орташа арифметикалық балы шектік балл болып табылады.
Қатысушылардың 50% балл жинаған санының төмендігін ескере отырып, сегіз секция бойынша шектік балл төмендетілді: "Жер және ғарыш туралы ғылым" - 50 балл, "Қолданбалы математика" - 57 балл, "Экономика" - 48 балл, «Өлкетану» - 55 балл, «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» - 55 балл, «Этномәдениеттану» - 45 балл, «Тарих» - 55 балл, «Адам және қоғам» - 45 балл.
Тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезең – сараптамаға жалпы 1374 жобамен 1725 қатысушы өтті, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 702 жобамен 916 оқушы өтті, оның ішінде командалық жоба - 217 (434 оқушы), қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша – 672 жобамен 809 оқушы шектік балл жинады, оның ішінде командалық жоба - 137 (274 оқушы).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 308 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - РҒЖК) облыстық кезеңінің екінші туры – тестілеу ағымдағы жылғы 13 желтоқсан күні республиканың барлық облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, РББҰ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-да бір мезгілде өткізіледі.
Техникалық тур ағымдағы жылғы 12 желтоқсан сағат 16.00-де өткізіледі.
Негізгі тестілеу - 13 желтоқсан күні ағындар бойынша өтеді:
1 ағын-сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) секциялар: биология, математика, қоршаған ортаны қорғау, химия, информатика;
2 ағын-сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) секциялар: жер және ғарыш туралы ғылым, қолданбалы математика, техника, физика, тіл білімі (ағылшын тілі), этномәдениеттану, экономика;
3 ағын-сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) секциялар: тарих, өлкетану, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, тіл білімі (қазақ тілі), тіл білімі (орыс тілі), құқық негіздері.
2022-2023 оқу жылы
Республикалық кезең
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕРДЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУШЫ-КОМАНДАЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ РЕЙТИНГІ
2023 жылдың 03-07 сәуірі аралығында РҒЖК қорытынды кезеңі өтті.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың қорытынды кезеңінің 484 жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша – 170, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша – 314). Оның ішінде 92 қатысушы (77 жоба) I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, 154 қатысушы (114 жоба) II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен (114 жоба), 238 қатысушы (188 жоба) III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды. Сонымен қатар, 98 қатысушыға (78 жоба) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары табыс етілді.
Қорытынды кезеңнің қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, қатысу сапасы бойынша өңірлердің рейтингі құрастырылды.
Сапалық рейтинг белгіленген формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпай, күміс медаль 2 ұпай және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы ақпарат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізіп келеді.
Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 23385 жұмыспен 27000 оқушы тіркелді, оның ішінде 3781 топтық жоба. 27000 қатысушының – 8851 ауыл оқушылары (32,7 %).
Облыстық кезеңінің 1 турына - 6493 жобамен 7477 оқушы қатысты, оның ішінде 4842 жоба (5442 оқушы) қазақ тілінде.
Облыстық кезеңінің 2 туры - тестілеуге 2955 жобамен 3630 оқушы қатысты, оның ішінде топтық – 678 (жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша – 378, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден - 300).
Тестілеудің қорытындысы бойынша конкурстың келесі кезеңі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер (әрі қарай - ЖМБ) бойынша сараптамаға - 696 жобамен 894 оқушы өтті, оның ішінде 396 оқушы 198 топтық жобамен.
Сараптама қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша Конкурстың төртінші кезеңіне – 454 жобамен 589 оқушы өтті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өңірлерден 266 жоба – 318 қатысушыға өтінім қабылданды.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне 19 секция бойынша – 718 жобамен 905 оқушы қатысады (оның 187 топтық жобамен 374 оқушы), оның ішінде ауылдық елді мекендерден 87 оқушы.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Конкурстың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында Астана қаласында онлайн форматында Google Meet платформасында өткізілді.
Конкурстың әрбір секциясы алдын ала «Дарын» РҒПО жасаған кесте бойынша белгілі бір мезгілде өткізілді.
Қатысушылардың жобаларын қорғау орны - жергілікті Білім беру ұйымдары.
Кестеге сәйкес, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша секциялар жұмысы ағымдағы жылдың 4 сәуір күні, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша секциялар жұмысы ағымдағы жылдың 5 - 6 сәуір күндері жүргізілді.
Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша, конкурс ережесіне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.
Қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің 484 жеңімпазы мен жүлдегері анықталды (қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша - 170, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша - 314). Оның ішінде І дәрежелі диплом мен алтын медальға 92 қатысушы (77 жоба), ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға 154 қатысушы (114 жоба), ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға 238 қатысушы (188 жоба) ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен 98 қатысушы (78 жоба) марапатталды.
Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, яғни Алматы Менеджмент Университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, АҚ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттері 23 ректорлық білім гранттарын бөліп, дарынды балаларға қолдау көрсетті.
Конкурс нәтижелері бойынша, қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша математика, химия, информатика секцияларынан 3 үздік жоба Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесі Regeneron ISEF-2023 (АҚШ) Қазақстанның атынан ұсынылатын болады, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың зерттеу жобаларының ең үздік өнертабыстары ұсынылған.
Конкурстың қорытындысы бойынша марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломдары мен медальдары, грамоталары 2023 жылғы 20-сәуірге дейін аймақтық «Дарын» орталықтарына жеткізілетін болады.
РҒЖК тікелей эфир (Жаратылыстану математикалық бағыт - 3 ағым)
Секциясының атауы/название секции | Сілтеме/ссылка |
Биология | Қарау/смотреть |
Информатика | Қарау/смотреть |
Қолданбалы математика | Қарау/смотреть |
Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы | Қарау/смотреть |
Химия | Қарау/смотреть |
Техника | Қарау/смотреть |
Физика | Қарау/смотреть |
Математика | Қарау/смотреть |
РҒЖК қатысушыларының қорғау мәртебесі (Жаратылыстану математикалық бағыт)
joba.daryn.kz - сілтеме бойынша өтіңіз
Облыстық кезең
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының үшінші кезеңі – жаратылыстану математикалық бағыт пәндері бойынша ғылыми жобаларға сараптама қорытындысы туралы ақпарат
ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 398 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (әрі қарай - РҒЖК) үшінші кезеңіне қатысушылардың жаратылыстану математикалық бағыт пәндері (әрі қарай - ЖМБ) бойынша ғылыми жобаларға сараптама жүргізілді.
Жалпы сараптамаға жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша – 696 жоба (894 қатысушы), оның ішінде командалық – 198 жоба (396 қатысушы) жіберілді.
РҒЖК үшінші кезеңі – сараптама қорытындысы бойынша ЖМБ пәндері бойынша РҒЖК төртінші кезеңіне – 453 жоба өтті (ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 398 бұйрығы бйынша – 455 жоба):
- 1. Биология - 68 жобаның – 51 оның ішінде топтық - 8 жоба
- Жер және ғарыш туралы ғылым - 45 жобаның – 33, оның ішінде топтық - 11 жоба
- Информатика - 88 жобаның – 50, оның ішінде топтық - 21 жоба
- Қолданбалы математика - 65 жобаның - 47, оның ішінде топтық - 15 жоба
- Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау – 50 жобаның - 42, оның ішінде топтық -13 жоба
- Математика - 133 жобаның - 53, оның ішінде топтық - 21 жоба
- Техника – 47 жобаның - 44, оның ішінде топтық - 11 жоба
- Физика – 64 жобаның - 50, оның ішінде топтық - 10 жоба
- Химия - 80 жобаның - 50, оның ішінде топтық - 12 жоба
- Экономика - 54 жобаның - 33, оның ішінде топтық - 13 жоба
Қосымша: РҒЖК-ның қорытынды кезеңіне өткен қатысушылардың тізімі (daryn.kz сайтында) – 54 бет
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі тестілеу турының қорытындысы туралы ақпарат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңнің тестілеу туры (әрі қарай - Тестілеу) ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсан күндері республиканың барлық облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, РФММ КеАҚ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-нда бір уақытта, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өкілдерінің бақылауымен санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары сақтала отырып өткізілді
Тестілеу қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.03.2012 жылғы № 99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес бейіндік пәндер бойынша өткізілді.
Тест тапсырмалары күрделілігіне байланысты 3 деңгей бойынша құрастырылған, тест тапсырмаларының саны – 60, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат берілді.
Тестілеуге 2955 жобамен 3630 оқушы қатысты, оның ішінде командалық – 678 (жаратылыстану математикалық бағыт - 378, қоғамдық гуманитарлық бағыт - 300).
Тестілеу https://app.oqylyq.kz платформасында онлайн форматта барлық аймақтарда бір уақытта 4 лек бойынша өтті.
Ережеге сәйкес, зерттеу жобаларын сараптау кезеңіне тестілеуден кемінде 50% балл жинаған қатысушылар жіберіледі (барлығы 120 балл). Топтық жұмысқа рұқсат беру үшін жұмыс авторлары жинаған орташа арифметикалық балл шектік балл болып табылады.
Алты секция бойынша қатысушылардың 50% балл жинаған санының төмендігін ескере отырып, шектік балл төмендетілді: "Жер және ғарыш туралы ғылым" - 45 балл, "Қолданбалы математика" - 50 балл, "Экономика" - 40 балл, «Өлкетану» - 45 балл, «Этномәдениеттану» - 45 балл, «Тарих» - 55 балл.
Тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезең – сараптамаға жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 693 жобамен 890 оқушы өтті, оның ішінде командалық жоба - 197 (394 оқушы), қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша – 723 жобамен 886 оқушы шектік балл жинады, оның ішінде командалық жоба - 163 (326 оқушы).
2021-2022 оқу жылы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 10-ақпандағы №43 бұйрығына сәйкес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 21-25 ақпан күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қорытынды кезеңін өткізгендігін хабарлайды.
Конкурс Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Халықаралық формат үлгісінде офлайн форматта өткізілді.
Конкурсқа 595 жобамен 748 оқушы қатысты, оның ішінде 87 оқушы ауылдық жерлерден келген оқушылар. Конкурстың ережесі бойынша қорытынды кезеңнің қатысушылар санының 45%-ы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Конкурстың қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің 336 жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом мен алтын медальға 66 қатысушы ие болса, ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға 100 қатысушы ие болды. Ал, ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальді 175 қатысушы иеленді. Сонымен қатар, «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен 68 қатысушы марапатталды.
Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, яғни Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеттері 56 ректорлық білім гранттарын бөліп, дарынды балаларға қолдау көрсетті. Оның ішінде 26 грант иегерлері ауыл мектептерінің оқушыларына, 1 грант халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қатысушыға (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) бөлінді.
РКНП-2022 қорытынды (жалпы) ХАТТАМАСЫ
Конкурстың ІІІ кезеңі бойынша сараптама нәтижесінің қатысушылар тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №555 «2021-2022 бұйрығына сәйкес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) ІІІ кезеңі бойынша сараптама нәтижесінің қатысушылар тізімін жариялайды.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 817 қатысушының 638 жоба жұмыстары сараптамадан өтіп, 497 оқушының 389 жоба жұмыстары Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысатын болады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша сараптамадан өткен оқушылар тізімі мен талдау нәтижелері 1,2-қосымшада көрсетілген.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсы жөнінде АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №555 «2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) бұйрықта көрсетілген мерзім бойынша кезең-кезеңдерімен өткізуде.
Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 23621 жұмыспен 27198 оқушы тіркелді. Оның ішінде 8505 ауыл оқушылары (35%).
Екінші іріктеу (облыстық) кезеңінің 1 турына - 6590 жобамен 7774 оқушы қатысып, 2 турға 2709 жобамен 3306 оқушы өтті.
Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсанында республиканың барлық облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында, РФММ КеАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, IQanat HSB арасында Конурстың бейіндік пәндер бойынша тестілеу бір уақытта 4 лек (поток) бойынша өткізілді (14 желтоқсанда 1,2 лек - жаратылыстану-математикалық бағыты, 15 желтоқсанда 3,4 лек - қоғамдық-гуманитарлық бағыты).
Тестке 2621 жобамен 3159 оқушы қатысып, 1129 жобамен 1942 оқушы шектік балл жинады. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 827 қатысушының 649 жоба жұмыстары антиплагиатқа тексеруге және ғылыми сараптамаға жіберіледі.
РҒЖК-ның іріктеу кезеңіне оқушыларды тестілеу нәтижелері туралы тізімдеме
2021 РҒЖК іріктеу кезеңінен өткендердің сандық деректері
2021 РҒЖК іріктеу кезеңінен өткен ЖМБ бойынша сандық деректер
2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу үшін оқушылардың жұмыстарын тіркеу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі-"Дарын" РҒПО) жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының республикалық конкурсында (бұдан әрі-РҒЖК) зерттеу тақырыптарын International Science Engineering Fair (бұдан әрі-ISEF) ресми сайтында тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.
РҒЖК-ға қатысу үшін барлық оқушылар "Дарын" РҒПО-да зерттеу жұмыстарының тақырыптарын тіркеу қажет. Тіркеу үшін өңірлік орталықтар мен облыстық білім басқармаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан басшының қолы қойылған (1-3-қосымша) өтінім және 2021 жылғы 15 қыркүйекке дейін форма бойынша ІІ кезеңнің есептерін ұсынулары қажет.
РҒЖК-ға 4 бағыт бойынша 16 секцияда қатысады:
І бағыт "ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде"
Секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт "экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу"
Секциялар: математика; Қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт "Салауатты табиғи орта - "Қазақстан-2030"Стратегиясын жүзеге асырудың негізі"
Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
ІV. "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар"бағыты
Секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
- Бірінші кезең – мектепішілік
- Екінші кезең – облыстық
- Үшінші кезең-іріктеу (2 тур)
- бірінші тур – бейіндік пән бойынша тестілеу.
Үшінші кезеңнің қорытындылары жарияланғаннан кейін, Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес бейіндік пән бойынша (9-11-сыныптар арасында), сынып пен секцияға сәйкес тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу жүргізіледі;
- екінші тур – антиплагиат және жұмыстарды алдын ала сараптау.
- Төртінші (қорытынды) кезең – республикалық. Ғылыми жобаларды қорғау.
РҒЖК жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысады. Командалық ғылыми жобаны орындаушылардың саны екі оқушыдан аспауы тиіс.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша РҒЖК өткізу мерзімдері мен тәртібі туралы қосымша ақпарат берілетін болады.
2020-2021 оқу жылы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізіп келеді. Конкурс 2021 жылдың 9 мен 12 ақпан аралығында онлайн форматта өткізілді.
Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 18 557 оқушы 9450 жұмыспен тіркелді. Екінші (аудандық) кезеңінде 8268 оқушы, үшінші (облыстық) кезеңіне 3381 оқушы қатысты. Конкурстың үшінші кезеңіне 731 жоба өтті, олар бойынша 945 мектеп оқушылары жұмыс жасады.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 567 жоба мен 750 дарынды оқушылар қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен - 60 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальдармен – 99 жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен - 161 жүлдегер марапатталды. Конкурсқа қатысқан оқушылардың 42,7 пайыз марапатталды, яғни 237 ғылыми жоба жұмыстарымен 320 оқушы жеңіпаздар мен жүлдегерлер атанды.
Жалпы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының сараптама қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) қорытынды кезеңі (жобаларды қорғау) 9 ақпаннан 12 ақпанға дейін ZOOM платформасында онлайн режимінде болатындығын хабарлайды.
Жалпы бөлімдер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының IV кезеңіне барлық секциялар бойынша өткен оқушылар тізімі төменде орналастырылған.