Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы.

IPhO-ның негізгі мақсаты — теориялық және эксперименттік физика саласындағы білімді, аналитикалық қабілетті, сыни ойлауды, есеп шығару және практикалық дағдыларды барынша жоғары деңгейде тексеру.

55-ші Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO 2025) 2025 жылғы 18–24 шілде аралығында Париж қаласының маңындағы Палезо қалашығында өтеді.

Иранның Исфахан қаласында өткен IPhO-2024 54-халықаралық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
🥈Марғұлан Нұрсагатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥈Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥉Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсутов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтжанов – SDU University физика пәні мұғалімі.