Астана қ.: «Қазақстан педагогтері: білім берудегі инновациялар» халықаралық форумын өткізу туралы ақпараттық хат

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ашық ғылым орталығы» қоғамдық бірлестігімен және «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» форумымен бірлесіп 2024 жылдың 24-25 қыркүйек күндері №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің базасында «Қазақстан педагогтері: білім берудегі инновациялар» Халықаралық форумын (бұдан әрі-Форум) өткізеді.

Форумның миссиясы – білім беру және тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми және педагогикалық қауымды құру.

Форумның мақсаты – білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушыларының дамыту, сапалы білім беру саласында тұрақты дамуға қол жеткізу.

Форум қорытындысы бойынша педагогтер Қазақстан мен ТМД елдері мұғалімдерінің авторлық педагогикалық әдістемелері мен технологияларын зерделей алады; оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыра алады; білім беру экожүйесі шеңберінде балаларды психологиялық-педагогикалық және ғылыми-зерттеумен сүйемелдеуді қамтамасыз ете алады; мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтай алады; шетелдік әріптестер мен ұйымдардың ғылыми-педагогикалық және психологиялық идеялары мен тәжірибелеріне талдау жүргізе алады.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға «Дарын» РҒПО сертификаты беріледі, қызықты педагогикалық практикалар мен технологияларға, балалардың дарындылығын дамытуға, өнертапқыштық міндеттерді шешу теорияларына, ақпараттық технологияларға, академиялық сәтсіздіктің алдын алуға, жеке ұстанымды қалыптастыруға арналған онлайн марафондар өткізу жоспарлануда. «Дарын» РҒПО, «Ашық ғылым орталығы» ҚБ т.б. аккаунттарында осы тақырыптарды жинақтай отырып, онлайн марафондар өткізу, «Қазақстан педагогтері» онлайн-мектебінде біліктілікті арттыру курстарының өзекті бағдарламаларын орналастыру жоспарланған.

Форумның спикерлері ретінде отандық және Ресей ғалымдары мен педагогтері қатысады.

Іс-шараға қатысуға балабақша тәрбиешілері, білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Әр қатысушы а.ж. 20 қыркүйегіне дейін  https://clck.ru/3CsvNb сілтеме бойынша міндетті түрде онлайн тіркеуден өту қажет.

Білім басқармасы бекіткен қатысу туралы сұранысты а.ж. 16 қыркүйегіне дейін берілген үлгі бойынша b.seidimkhan@daryn.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз.

Қатысушының аты-жөніЖұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліЖСНТелефоны  
      

Форумның толық ақпараты www.daryn.kz, сайтында орналастырылған.

Іс-шараның өткізу күндері:

24 қыркүйек – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, басталуы  сағат 10:00-де 

25 қыркүйек  – білім беру ұйымдарының педагогтеріне, басталуы сағат 10:00-де .

Қосымша ақпаратты 7 707 504 77 86 номерден алуға болады.