«Еуразия білім беру көшбасшылары» халықаралық тағылымдамасының ақпарат хаты

Программа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Global Minds Alliance» ЖШС бірлесе, а.ж. 27 қазан – 1 қарашааралығында Москва қаласында (Ресей) «Еуразия білім беру көшбасшылары» халықаралық тағылымдамасын ұйымдастырады.

Тағылымдаманың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру,  білім беру ұйымдарының оқыту идеологиясымен және білім беру процесінің негізгі принциптерімен танысу, оқу бағдарламаларына, инновациялық оқыту әдістеріне шолу, материалдық – техникалық базасымен танысу.

Халықаралық тағылымдамаға дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың, мамандандырылған және республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары қатыса алады.

Тағылымдама қатысушылары Ресейдің үздік 50 мектебі құрамына кіретін озық білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесімен, Халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлайтын ең көне оқу орны Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының орталығымен танысады. 

Халықаралық тағылымдамаға келу күні – 27 қазан, өту күндері – 28-31 қазан, аяқталуы – 1 қараша.

Сондай-ақ, тағылымдама аясында Никитинский және Тверь бульвары, Үлкен театр, патриархалдық көпір, Воробьев таулары, Пресненская жағалауына және «Экспериментаниум» қызықты ғылымдарының мұражайына, Сатирикон театрына  т.б. экскурсиялық бағдарламалар бар.

Білім басқармасының басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысты а.ж. 10 қазанына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен. Барлық сұрақтар бойыншабайланыс тел.: 8 (7172) 79-58-67, +7 707 131 0077 Каримова Асель.

Барлық қатысушылар міндетті түрде http://tiny.cc/moskvasem сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі керек.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен. Ұйымдастыру жарнасы – 1 600 000 теңге (жолы, тұруы, тамағы, оқу бағдарламасы).