Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 (12) сыныптың 190 оқушысы қатысты.
Жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова қатысты. Ол оқушыларды Президенттік олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің құттықтау сөзін оқып берді.
Олимпиада ережесіне сәйкес, қатысушылардың 25%-ы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. I дәрежелі дипломды 9 оқушы, II дәрежелі дипломды 13 оқушы, ал III дәрежелі дипломды 26 оқушы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін басым құқыққа ие болды.
Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуе тасымалдаушы компания – «Эйр Астана» барлық жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ең жоғары нәтиже көрсеткен төрт жеңімпазға шетелдерге барып-қайтуға әуе билеттерін сыйлады.
Сонымен қатар, тоғыз жеңімпазға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – SDU, Astana IT University және А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ректорлық білім гранттарын табыс етті.
Олимпиада ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы – іс-шара серіктестеріне алғысын білдіріп, бес ұйымға «Үздік серіктес» атты хрусталь стелаларын табыс етті.
Анықтама үшін:
Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың ерекшелігі – қатысушылардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша төрт пәннен бір уақытта білімдерін көрсетуінде болып табылады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезеңге 3110-нан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңде 424 оқушы бақ сынап, олардың ең үздіктері финалға өтті. Барлық жылдар ішінде олимпиадаға 2545 қатысушы қатысып, 628 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 123 алтын, 203 күміс және 302 қола медаль бар.
2024-2025 оқу жылы
Республикалық кезеңі
Қорытынды
Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 (12) сыныптың 190 оқушысы қатысты.
Жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова қатысты. Ол оқушыларды Президенттік олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің құттықтау сөзін оқып берді.
Олимпиада ережесіне сәйкес, қатысушылардың 25%-ы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. I дәрежелі дипломды 9 оқушы, II дәрежелі дипломды 13 оқушы, ал III дәрежелі дипломды 26 оқушы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін басым құқыққа ие болды.
Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуе тасымалдаушы компания – «Эйр Астана» барлық жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ең жоғары нәтиже көрсеткен төрт жеңімпазға шетелдерге барып-қайтуға әуе билеттерін сыйлады.
Сонымен қатар, тоғыз жеңімпазға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – SDU, Astana IT University және А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ректорлық білім гранттарын табыс етті.
Олимпиада ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы – іс-шара серіктестеріне алғысын білдіріп, бес ұйымға «Үздік серіктес» атты хрусталь стелаларын табыс етті.
Анықтама үшін:
Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың ерекшелігі – қатысушылардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша төрт пәннен бір уақытта білімдерін көрсетуінде болып табылады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезеңге 3110-нан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңде 424 оқушы бақ сынап, олардың ең үздіктері финалға өтті. Барлық жылдар ішінде олимпиадаға 2545 қатысушы қатысып, 628 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 123 алтын, 203 күміс және 302 қола медаль бар.
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (2 КҮН)
№ | Тікелей эфир сілтемесі |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
4 | Эфирді көру |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (1 КҮН)
№ | Тікелей эфир сілтемесі |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
4 | Эфирді көру |
Өткізу бойынша ақпарат
2024 жылдың 19-22 қарашасында Астана қаласында «Думан» қонақ үй кешенінің базасында республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Сондай-ақ, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
Ережеге сәйкес Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.
Бірінші (өңірлік) кезең ағымдағы жылдың 10 қазанда өтті, оған 3113 оқушы қатысты.
Екінші іріктеу кезеңіне республиканың барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және «НЗМ» ДББҰ-дан 422 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің екі турының қорытындысы бойынша 190 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне өтті.
Қазылар алқасының құрамы халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2024 жылдың 22 қарашасында сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.
Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.
Іріктеу кезеңі
II (іріктеу) кезеңнің қорытынды ақпараты
2024 жылдың 17 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.
Оған бірінші аймактык, кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген 422 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші (республикалық) кезеңге 190 оқушы іріктеліп алынды.
Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі 2024 жылғы 19-22 қараша аралығында Астана қаласында «Думан» қонақ үй базасында өтеді.
Айта кетсек, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарынан бұрын республикалық және халықаралык, пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және биология бойынша тапсырма орындады.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау керсетуге көмектеседі.
Өңірлік кезеңі
I (өңірлік) кезеңін өткізу бойынша АҚПАРАТ
Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.
Әр қатысушы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып түлектері қатысуда.
Ағымдағы жылдың 8 қазанында сағ.10.00-де жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVIІ Президенттік олимпиаданын бірінші (өңірлік) кезеңі өтеді.
Олимпиадаға жалпы орта білім беру мекемелерінің лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11(12) сынып 3113 оқушысы қатысты. Онын 1056-сы ауыл мектептерінің оқушылары. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ олимпиаданың өңірлік кезеңінің нәтижелеріне сәйкес құрамында 20 адамнан аспайтын командалар, республикалық білім беру ұйымдары құрамында 8 адамнан аспайтын команда қатыстырады.
2023-2024 оқу жылы
Республикалық кезеңі
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (2 КҮН)
/ | Тікелей эфир сілтемесі |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (1 КҮН)
/ | Тікелей эфир сілтемесі |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
Іріктеу кезеңі
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛІ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Республикада жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды.
Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы өтті.
Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.
Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.
Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған.
446 ОҚУШЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ
Бүгін, 2023 жылдың 20 қазан күні республикамызда жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды.
Іріктеу кезеңіне республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып арасынан 446 оқушы қатысады.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Олимпиаданың іріктеу кезеңі екі турдан тұрады және бір күнде өткізіледі. Бірінші тур сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сағат 12.30-де (Астана уақытымен) өтеді.
Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республикамыздың жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.
Естеріңізге салсақ, жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 3 қазанында 2933 қатысушы арасында өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңі қараша айының екінші жартысына жоспарланып отыр.
Өңірлік кезең
2022-2023 оқу жылы
Республикалық кезеңі
Президенттік олимпиада. Қорытынды
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 191 оқушы өзара үздікті анықтады. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.
- Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. 15 жылда Олимпиада 15 мың оқушының өмірлік ұстанымын, бағыт-бағдарын айқындап берді. Мәселен, Олимпиаданың алғашқы жеңімпаздарының бірі Санжар Оразбаев бүгінде zapis.kz электрондық журналының негізін қалаушы және директоры, ал Ернар Самтиков Аризона штатының Университетін "Биомедициналық инженерия" мамандығы бойынша сәтті тәмамдап, "Айкуне" оңалту орталықтарын басқарып отыр. Тағы бір бұрынғы олимпиадашы, Шымкент қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің мұғалімі Нұрлан Сүйеуов жақында ғана " Үздік педагог - 2022 "құрметті атағына ие болды. Әрине, мұндай мысалдарды өте ұзақ уақыт тізімдеуге болады. Мұның бәрі Президенттік олимпиада жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететіндігін көрсетеді.
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мырзаға, Қарағанды облысының әкімдігіне, "Дарын" өңірлік орталығындағы әріптестеріме ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін және, әрине, Олимпиада жеңімпаздары үшін білім беру гранттарын бөлген ЖОО басшыларына шексіз алғысымды білдіремін», - дейді "Дарын" РҒПО директоры Ануар Унайбеков.
Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен, 18 қатысушы II дәрежелі дипломымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) мен Торайғыров университетінде (12) оқуға білім беру гранттары және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 12 шәкіртақысы берілді.
Тапсырмалар, шешімдер, қатысушылардың жұмыстары және хаттамалар (қорытынды кезең)
1 күн | |
Тапсырмалар | |
Математика | Химия |
Шешімі | |
Математика | Химия |
Қатысушылардың жұмыстары | |
Математика | Химия |
1 күн хаттамалары | |
Математика | Химия |
2 күн | |
Тапсырмалар | |
Физика | Биология |
Шешімдер | |
Физика | Биология |
Қатысушылардың жұмыстары | |
Физика | Биология |
2 күн хаттамалары | |
Физика | Биология |
Қорытынды хаттама | |
Хаттама |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (2 КҮН)
Орындар | Тікелей эфир сілтемесі |
1-36 | Эфирді көру |
37-88 | Эфирді көру |
89-124 | Эфирді көру |
125-192 | Эфирді көру |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (1 КҮН)
Орындар | Тікелей эфир сілтемесі |
1-36 | Эфирді көру |
37-88 | Эфирді көру |
89-124 | Эфирді көру |
125-192 | Эфирді көру |
Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі
2022 жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді. Үшінші (республикалық) кезеңге 192 қазақстандық оқушы қатысады.
Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі а.ж. 12 қазанында бір мезгілде өткізіліп, оған республиканың барлық өңірлерінен 2871 оқушы қатысты.
Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықтыі, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың 29 қарашасында сағат 17.00-де өтеді.
Қазылар алқасының құрамы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды. Қазылар алқасының құрметті мүшелері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары шақырылды.
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конференц-залында өтеді.
Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.
Іріктеу кезеңі
Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне 463 оқушы қатысады
2022 жылдың 27 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. Оған бірінші айтақтық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген 463 оқушы қатысады.
Айта кетейік, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 2871 11 (12) сынып түлегі қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және билогия бойынша өзара мықтыны анықтады.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге көмектеседі.
Бірінші (өңірлік) кезең
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.
Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Олимпиада Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі.
Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған түлектер, 11 (12) сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қазанында сағ.10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір уақытта өткізіледі. Олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді.
Екінші (іріктеу) кезеңі екі турда өткізіледі. Бірінші тур (қашықтық) 27 қазанда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өтеді. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрамында 20 адамнан аспайтын команда, республикалық білім беру ұйымдары және «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрамы 8 адамнан аспайтын команда ұсынады.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 29 қараша 2 желтоқсан аралығында офлайн режимінде өткізіледі.
Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады:
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО
тел: 8 (7172) 57 01 27
2021-2022 оқу жылы
Тапсырмалар, шешімдер, қатысушылардың жұмыстары және хаттамалар (қорытынды кезең)
1 ТУР | ||
Тапсырмалар | Математика | Химия |
Шешімі | Математика | Химия Видеоразбор заданий |
Қатысушылардың жұмыстары | 1 кабинет 2 кабинет 3 кабинет 4 кабинет |
|
1 тур хаттамалары | Математика | Химия |
2 ТУР | ||
Тапсырмалар | Физика | Биология |
Шешімдер | Физика | Биология |
Қатысушылардың жұмыстары | 1 кабинет физика 2 кабинет физика 3 кабинет физика 4 кабинет физика |
1 кабинет биология 2 кабинет биология 3 кабинет биология 4 кабинет биология |
2 тур хаттамалары | Физика | Биология |
Қорытынды хаттама | Қарау |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (2 ТУР)
Кабинет номері | Тікелей эфир сілтемесі |
Тікелей эфир (жаңа сілтеме) | |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
4 | Эфирді көру |
Кабинет номері | Тікелей эфир сілтемесі |
Эфирдің басы (ескі сілтеме) | |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
4 | Эфирді көру |
Президенттік олимпиадан тікелей эфир (1 ТУР)
Кабинет номері | Тікелей эфир сілтемесі |
Қазылар алқасының жұмыс істеу барысы | Просмотреть |
1 | Эфирді көру |
2 | Эфирді көру |
3 | Эфирді көру |
4 | Эфирді көру |
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың (бұдан әрі-Олимпиада) екінші (іріктеу) кезеңін өткізу бойынша нұсқаулық
Олимпиада oqylyq.kz. платформасында екі турда өткізіледі. Олимпиаданы өткізу орнын өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік ұйымдастыру комитеті анықтайды. Олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсат алу қажет.
Техникалық тур 19 қазанда сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі. Техникалық турдың логиндері мен парольдері эссені жүктеуге арналған папкада қол жетімді болады.
Кіру сілтемесі: https://app.oqylyq.kz
- 1 (тестілеу) тур 22 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де өтеді. Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыға 2 сағат уақыт беріледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалар (тест) саны - 60 (математикадан - 15, физикадан - 15, химиядан - 15 және биологиядан - 15). Әрбір қатысушы жинаған ұпайының жалпы санын бірден біле алады, олимпиада аяқталғаннан кейін әр пән бойынша ұпай саны «Дарын» РҒПО-ның daryn.kz. сайтында орналастырылатын болады. Олимпиада ережелеріне сәйкес – апелляция қарастырылмаған.
- 2 тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де өткізіледі. Эссе «Дарын» РҒПО қызметкері ұсынған арнайы бланкіде жазылады. Қатысушыларға эссе тақырыптары ұсынылады, орындауға 1 сағат уақыт беріледі. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
- жұмысты сканерлеу үшін жауапты IT маманды тағайындау қажет;
- әр қатысушыға олимпиаданы өткізу тәртібін түсіндіру қажет;
- жеке заттарды сақтау үшін орын бөлу (аудиториядан тыс) қажет;
- олимпиада басталғанға дейін 15 минут бұрын қатысушыларды аудиторияға жеке куәлікпен тексере отырып кіргізу;
- қатысушылар арасындағы қашықтық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, кемінде 1,5 метрді құрауы тиіс;
- әр қатысушы аудиторияға кірген кезде алдын-ала ілінген тізім бойынша өз орнын білуі қажет;
- аудиторияға қатысушы өзімен бірге көк сиялы қалам, қарындаш, сызғыш, 0,5 л су және жеке басын куәландыратын құжатты ғана алуға құқылы;
- әрбір қатысушы үшін интернетке шығатын және тұрақты байланысы бар компьютермен немесе ноутбукпен қамтамасыз ету қажет;
- Техникалық сипаттамалары:
Процессор: бесінші буын Intel Core i5 минимумы
Жедел жады көлемі: 4 гб бастап
Браузер: Google Chrome (соңғы жаңартумен)
Интернет жылдамдығы: 10 Мб/с жоғары;
- эссені сканерлеу және «Дарын» РҒПО папкасына жүктеу үшін минутына 30 парақтан кем емес жылдамдықта жұмыс жасайтын сканермен қамтамасыз ету қажет;
- зум конференциясына қосылу арқылы кабинеттің толық ауқымын көрсететін камерамен қамтамасыз ету қажет;
- Олимпиада басталар алдында әр қатысушыға үлкен және шағын конверт беріледі. Үлкен конвертте қатысушыға арналған нұсқаулық, эссе жазу балнкі, Менделеев кестесі беріледі. Шағын мөрленген конвертте oqylyq.kz платформасына кіру үшін жеке логин мен пароль бар («Дарын» РҒПО жауапты қызметкері ұсынады), конверт тестілеуді орындау үшін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де ашылады. Қатысушы көрсетілген уақыт бойынша https://app.oqylyq.kz сілтемесі бойынша өтіп логин/пароль енгізіп, тапсырмаларды орындайды. Қатысушы логин мен парольді үшінші тұлғаларға бермеуі не үшінші тұлғалардың логиндері мен парольдерін пайдаланбауы тиіс. Қатысушы сайтқа кіру үшін өз логині мен паролін өзімен бірге алып кетуіне болады.
- Олимпиаданы аяқтамас бұрын, емтиханды аяқтау батырмасын басу керек немесе уақыт өткеннен кейін сайт автоматты түрде жабылады;
- эссе тақырыптары сағат 12.00-де oqylyq.kz сайтында қолжетімді болады. Қатысушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, орыс немесе қазақ тілдерінде жаза алады.
- уақыт аяқталғаннан кейін эссе бланкілері сканерленіп, папкіге жүктеледі, сканерлеу процесі камерада бақылануы қажет;
- әрбір қатысушы конвертке эссе бланкісін салып, «Дарын» РҒПО жауапты қызметкеріне тапсыруы қажет;
- жауапты IT-маман тізімге сәйкес файл атауын толтырғаннан кейін эссенің сканерленген нұсқасын тексеруге жібереді.
Олимпиада кезінде қатаң тыйым салынады:
- кез-келген сымды және сымсыз гарнитураны пайдалану, кез-келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе ішкі жадтан немесе интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез-келген басқа гаджеттерді пайдалану;
- кез-келген электрондық немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, рефераттарды және басқа да дайындалған жазбаларды пайдалану;
- тапсырмалар жиынтығына кірмейтін кез-келген материалдарды пайдалану;
- Олимпиаданың басқа қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау;
- жұмыс орнын рұқсатсыз босату, көшіру, тәртіпті бұзу.
Қатысушының жұмысын бағалаудың объективтілігін бақылау мақсатында бүкіл тур бойы аудио және бейнежазба жүргізіледі, ол Олимпиада аяқталғанға дейін сақталады. Ережені бұзу фактілері анықталған жағдайда «Дарын» РҒПО-ның жауапты қызметкері акт жасайды және қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.
Тестілеу аяқталғаннан кейін олимпиаданың барлық материалдары, сондай-ақ қорытынды ведомості 2 данада шығару қажет (ведомость эссені жүктеуге арналған папкада болады), өңірлік «Дарын» орталығының директоры, жауапты қызметкер, «Дарын» РҒПО қызметкері қол қойып, «Дарын» РҒПО-ның іссапарға жіберілген қызметкеріне тапсыру қажет.
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
2020-2021 оқу жылы
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ХІІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында онлайн тәртібінде республиканың 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасы онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.
Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Басты идея – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.
13 жыл ішінде 31 000 - нан астам түлек олимпиадаға қатысты.
Президенттік олимпиада үш кезеңде: өңірлік, іріктеу және қорытынды өткізілді. Өңірлік кезеңде барлығы 4593 мектеп бітіруші қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде білім алатындары – 3152.
Өңірлік кезеңде - 4593, іріктеу кезеңінде – 396 және қорытынды кезеңге 252 оқушы қатысты.
Президенттік олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломдармен 13 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломдармен 19 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 32 қатысушы марапатталды.