Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе 2025 жылғы 6-7 қаңтар күндері Астана қаласы, №11мектеп лицейінің базасында математика пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) «Математикадан олимпиадалық және логикалық есептерді шешу әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу семинарын (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.
Семинардың мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математикадан олимпиадалық және логикалық есептерді шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Семинар бағдарламасында аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау, бастауыш сыныптардағы «Бастау» олимпиадасының ерекшелігі және сонда кездесетін есептерді шешу қарастарылған.
Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасымен бекітілген сұранысқа сәйкес, семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 20 желтоқсанға дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар а.ж. 22 желтоқсанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/SeminarMatem2025 сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
№ | Қатысушының ата-жөні (толық) | Жұмыс орны | Лауазымы | Еңбек өтілі | Телефон, e-mail |
Қатысушылардың келу күні – 5 қаңтар, семинардың басталуы – 6 қаңтар, аяқталуы – 7 қаңтар сағат 18.00-ден кейін.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Қонақүйде орындарды брондау үшін төмендегі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Астана қ., «Думан» қонақ үй кешені, Қорғалжын тас жолы, 2а
тел. 8 (708) 909 8500; 8 (7172) 79-15-00;
Астана қ., «Алтын Дала» қонақ үй кешені, Бигелдинов к-сі, 8/1
тел. 8 (7172) 32-33-11, 8 (701) 032-33-11.
Барлық сұрақтар бойынша:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 3 қабат, 301 кабинет.
Байланыс тел.: 8 (7172) 795867