Астанада математика, физика және информатика пәндері бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 700-ге жуық қатысушы мен 150 педагог келді.

Олимпиаданың ашылу салтанатында қонақтарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, академик Асқар Жұмаділдаев және басқа да ұйымдастырушылар қарсы алды.

Наталья Жұмаділдаева қатысушыларды құттықтап, осындай іс-шаралардың дарынды жастарды анықтау мен қолдау үшін маңыздылығын атап өтті. Ол олимпиадалардың оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытып қана қоймай, елдегі білім беру беделін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

🗣️Қатысушылар алдында қазылар алқасының төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев сөз сөйледі. Ол Жәутіков олимпиадасының әртүрлі елдердің дарынды оқушылары арасында білім мен идеялар алмасудың маңызды алаңы екенін айтты.
«Бұл қиын тапсырмалар сіздердің білімдеріңізді тексеріп қана қоймай, стандарттан тыс ойлауға, шығармашылық шешімдерді іздеуге және ғылыми тәсілдерді өмірде қолдануға үйретеді. Баршаңызға сенімділік пен табыс тілеймін!» – деп атап өтті академик.

Олимпиада екі теориялық және практикалық турлардан тұрады. Халықаралық қазылар алқасы дайындаған тапсырмалардың күрделілігі мамандандырылған сыныптардың бағдарламасына сәйкес келеді.

🗣️Сонымен қатар, қатысушылар да алғашқы әсерлерімен бөлісті.
«Мен үшінші жыл қатарынан Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысудамын. Біз, астаналықтар, барлық қатысушылар мен қонақтарды қарсы алуға қуаныштымыз. Осыншама дарынды адамдарды көру өте керемет сезім. Бүгінгі салтанатты ашылу салтанаты ерекше шабыт сыйлады. Әсіресе, біздің дәстүрімізді көрсеткен ұлттық музыка қатты ұнады», – деп өз ойымен бөлісті Астана қаласындағы РФММ оқушысы Альтаир Ақанов.

Бес күнге созылатын жарыстың жеңімпаздары 17 қаңтарда анықталады.

Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, РҒПО «Дарын» және «РФММ» КеАҚ.

1 Физика-1 Қарау/Смотреть
2 Физика-2 Қарау/Смотреть
3 Физика-3 Қарау/Смотреть
4 Физика-4 Қарау/Смотреть
5 Физика-5 Қарау/Смотреть
6 Физика-6 Қарау/Смотреть
7 Физика-7 Қарау/Смотреть
8 Физика-8 Қарау/Смотреть
9 Математика-1(1) Қарау/Смотреть
10 Математика-1(2) Қарау/Смотреть
11 Математика-1(3) Қарау/Смотреть
12 Математика-1(4) Қарау/Смотреть
13 Математика-1(5) Қарау/Смотреть
14 Математика-2(1) Қарау/Смотреть
15 Математика-2(2) Қарау/Смотреть
16 Математика-2(3) Қарау/Смотреть
17 Информатика-1 Қарау/Смотреть
18 Информатика-2 Қарау/Смотреть
19 Информатика-3 Қарау/Смотреть
20 Информатика-4 Қарау/Смотреть
21 Информатика-5 Қарау/Смотреть
22 Информатика-6 Қарау/Смотреть
23 Информатика-7 Қарау/Смотреть
24 Информатика-8 Қарау/Смотреть
25 Информатика-9 Қарау/Смотреть
26 Информатика-10 Қарау/Смотреть

1 Физика-1 Қарау/Смотреть
2 Физика-2 Қарау/Смотреть
3 Физика-3 Қарау/Смотреть
4 Физика-4 Қарау/Смотреть
5 Физика-5 Қарау/Смотреть
6 Физика-6 Қарау/Смотреть
7 Физика-7 Қарау/Смотреть
8 Физика-8 Қарау/Смотреть
9 Математика-1(1) Қарау/Смотреть
10 Математика-1(2) Қарау/Смотреть
11 Математика-1(3) Қарау/Смотреть
12 Математика-1(4) Қарау/Смотреть
13 Математика-1(5) Қарау/Смотреть
14 Математика-2(1) Қарау/Смотреть
15 Математика-2(2) Қарау/Смотреть
16 Математика-2(3) Қарау/Смотреть
17 Информатика-1 Қарау/Смотреть
18 Информатика-2 Қарау/Смотреть
19 Информатика-3 Қарау/Смотреть
20 Информатика-4 Қарау/Смотреть
21 Информатика-5 Қарау/Смотреть
22 Информатика-6 Қарау/Смотреть
23 Информатика-7 Қарау/Смотреть
24 Информатика-8 Қарау/Смотреть
25 Информатика-9 Қарау/Смотреть
26 Информатика-10 Қарау/Смотреть